ТікТок-та қауіпті ойын ойнаған 13 жастағы қыз өзіне-өзі қол салды

ТікТок-та қауіпті ойын ойнаған 13 жастағы қыз өзіне-өзі қол салды. Желіде елдің зәресін ұшыратын аудиожазба тарады. Автор өзін суицид жасап қайтыс болған жеткіншектің әкесімін деп таныстырады. Ата-аналарға ескерту жасап, балаларының ұялы телефонын тексеруге шақырған. Бұл қаншалықты рас? Аружан Задабек анықтап көрді.13 жастағы қыз үйдегі баспалдақта асылып, қайтыс болған. Жеткіншектің әкесі оған ТікТок-тағы ойын кінәлі дейді. Айтуынша, платформада жаңа ойын пайда болған. Оның өз шарттары бар. Алдымен бала тамырын кессе, кейін асылып өледі. ҚАЙТЫС БОЛҒАН ҚЫЗДЫҢ ӘКЕСІ:Балаларыңыздың телефонын тексеріңіздер. Мен ары қарай қалай өмір сүрерімді, не істерімді білмеймін. Барлығы телефонның кесірінен. Марқұмның әкесі қызымнан айырылған күні Таразда тағы екі оқушы өз-өзіне қол жұмсаған дейді. Алайда олар ұялы телефондағы ойынды өшіріп үлгерген. Хабарламаның рас-өтірігін анықтау үшін Жамбыл облыстық полиция департаментіне хабарластық. Құзырлылар бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты. Гүлсара МҰХТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Жамбыл облысының Полиция департаменті аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Ағымдағы жылдың басынан бері облыс аумағында кәмелетке толмағандар арасында суицид деректері тіркелмеген. Елімізде жеткіншектер арасында интернеттен жапа шеккендер саны 10 есе өскен. Былтыр 100-ден астам жеткіншек қибербуллингтің құрбаны болды. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - 3 класс оқитын қызым бар, қарап отырамын. Бірақ ондай ойын ойнамайды. Үнемі контрольда. Ата-аналар азаннан кешке дейін жұмыста ғой. Қолы босамайды, бала қараусыз қалады. - Ата-аналарды да кінәлауға болмайды. Балаларды үйірме, сондайға қатыстыру керек шығар, қызықты. Қызығушылықтарын ояту үшін. - Отырып сөйлесу керек, айту керек. Мынаны балам былай болмайды, байқап жүр, соткадан әртүрлі нәрсе шығады. Ғаламтордағы қауіп-қатермен күресте ата-ананың рөлі маңызды екенін психологтар да айтады. Сондықтан балаларына интернеттегі қауіп туралы айтып, мінезіндегі кез келген өзгерісті бақылауда ұстау керек дейді. Жанар АМАНҒАЛИЕВА, ПСИХОЛОГ: Кейде ата-аналар баласының бойынан жағымсыз өзгерісті байқаса, бірден ұрсып, кінәлап шығады. Олай жасауға болмайдыЕгер ол қауіпті екенін білетін болса, бірден айтпау керек балаға ол қауіпті зиянды нәрсе деп. Себебі ол шошып кетіп, ата-анасына қандай ойын ойнап жатқанын айтпауы мүмкін. Мысалы жаман топқа келсе, олар «ата-анаға ешкімге айтпа» деп айтады ғой. Сондықтан әр ата-ана 18 жасқа дейінгі балаларды қадағалау керек. Гаджеттерді шектеп тию мәселенің шешімі емес дейді қоғам белсендісі. Сондықтан ата-ана бірден емес біртіндеп баласының назарын дұрыс дүниеге бұру керек деп санайды. Гүлнар ОМАРОВА, АТА-АНАЛАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒА КЕҢЕСШІСІ: Балаға дос болу керек. Және де баланың жақындарын, достарын тани білу керек. Мына интернет достарына дейін білу керек. Өйткені, заман талабына сай біз балаларға интернетке отырма деп айта алмаймыз. Интернетті уыста ұстап, күмәнді сайтты бірден бұғаттау мүмкін емес. Сондықтан баланы сақтап қалу тек ата-ананың қолында дейді мамандар. А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елена Рыбакина Дубайдағы әлемдік турнирде жеңімпаз атанды
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?