Батыс Қазақстан облысында болған тікұшақ апатының себептерін екі бірдей ведомство өкілдері тексереді. Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың айтуынша, оқиғаның мән-жайын тергеумен ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері мен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің қызметкерлері айналысатын болады.«Экипажда білікті, жоғары тәжірибелі мамандар болғанын атап өткім келеді, олардың әуеде ұшу сағаттары да аз емес. Әрқайсысының авиақұтқару саласындағы еңбек өтілі 10 жылдан кем емес, ал жалпы еңбек өтілі 30 жылдан асады», - деді Руслан Иманқұлов.