"Тікұшақ, гауһар сақина, гүл шоғы": Сүйгеніңе заманауи сөз салудың құны қанша?

Қазір сүйгеніңе сөз салу адал махаббаттан бөлек қыруар қаржыны да талап етеді.Жігіттер қауымы арасында «Маған тұрмысқа шығасың ба?» немесе «Marry me» деген жазуды төрге іліп, бойжеткенге көздің жауын алатын шоқ гүлдерді ұсынып, махаббат аспанын жарқырата түсетін отшашуды ұйымдастырып, гауһар тасты сақинаны саусағына салып тұрып тұрмысқа шығуға ұсынып жасау сәнге айналғаны қашан. Осы ретте Алматы қаласында әр арудың арманындағы ұсынысты жасау жігіттер қауымының қалтасына қалай әсер ететінін Caravan.kz медиа порталының тілшісі зерттеп көрген еді. Бүгінде үйленуге ұсыныс жасайтын кешті ұйымдастыратын орталықтар көп. Аталмыш орталықтар «Стандарт», «Премиум», «Вип» секілді бірнеше нұсқаны ұсынады. Мәселен @svidanie_almaty ұйымдастыру орталығы ұсынатын «Стандарт» пакетіне «Тұрмысқа шығасың ба» деген жазу, майшаммен безендіру, әдемі әуен кіреді. Бұл нұсқаның құны 40 мың теңге. Дәл осы әдемілікке фонтан, Голливудтағыдай қызыл кілем, фото-видео түсірілім қоссаңыз қалтаңыз тағы 15 мыңға жұқарады. Мұны аз десеңіз, әдемі шарлармен безендіруді сұрап, 75 мың теңге төлесеңіз болғаны.  Ал, егер махаббатқа мас болып болашақ жарыңызбен аспан астында қалықтағыңыз келсе, тікұшақ жалдасаңыз да болады. Тікұшақпен 20 минут серуеннің құны 110 мың теңгені құрайды екен. Бүгінге дейін 700 қыз-жігіттің отау құруына септігін тигізген аталмыш ұйымдастыру орталығының қызметкері күніне бір емес бірнеше сөз салу салтанатын өткізетіндерін айтады. «Бұл салада жұмыс істеп жатқанымызға 1 жылдан аса уақыт болды. Орташа есеппен күніне біздің ұйымдастыруымызбен 4-5 сөз салу өтеді. Тапсырыс берушілердің көбі құны 75 мың теңге тұратын вип пакетті таңдайды. Себебі, ішінде спецэффекты болады, оформление өте жоғары деңгейде жасалынады және сөз салып болған соң жұп біздің куполымызда отырып, әңгімелеседі. Сол себепті өте тиімді пакеттердің бірі», - дейді Ерқанат Еркінбек. Сондай-ақ, ол тосыннан жасалған ұсыныс та өте ерекше болатынын атап өтті. «Тосын сый ретінде жасалатын ұсыныстар қыздың ғана емес, біздің де есімізде ерекше сақталады. Солардың бірі - Қапшағайда болған ұсыныс. Ол өте ерекше ұсыныстардың бірі болды. Кездесудің басында қыз жай ғана кездесу деп ойлап қалған, сосын екеуі орнынан тұрып суретке түсіп жатқанда холодный фонтандар атылып, өте әдемі көріністе сақинаны ашылды. Жігіт ұсыныс жасағанда қыз жылап жіберген еді», - дейді ол. Үйленуге ұсыныс жасау үшін тек ғана шоу-бағдарлама жеткіліксіз. Әдемі гүл шоғы мен алтын немесе гауһар таспен көмкерілген сақина да қажет. Оларды әркім қалтасына қарай алатыны белгілі. Десе де орташа бағаны есептеп көрелік. Мәселен, 55 розадан тұратын орташа букеттің бағасы 45000 теңге. Ал, алтын сақина 30000 теңгеден басталады. Сонда ең арзан деген ұсыныстың құны 115 мың теңгені құрайды екен. Ал, әрі арзан әрі ерекше ұсынысты қаласаңыз ұшақ бортында да сөз салуға болатынын біле жүріңіз. Оның құны біз жоғарыда есептеген қаражаттан салыстырмалы түрде арзан болады. Мысалы, Qazaq Air әуе кемелерінің бортында болашақ жарыңызға естен кетпес ерекше ұсыныс жасаудың құны 5800 теңгеден басталады екен. Ол үшін Flyqazaq.com веб-сайтында билеттерді брондау кезінде «Борттағы құттықтау» қосымша қызметін таңдайсыз. Бір сағаттың ішінде сізге әуе компанияның қызметкері қоңырау шалып, тапсырысты қабылдап, экипажға ұсынысты жібереді. Ұшу кезінде сізбен келісілген уақытта, бортсеріктер сіз сатып алған сыйлықтарды немесе гүл шоқтарын сыйлап, динамик арқылы ұсыныс жасап, құттықтайды. Ұсынысты ішкі және халықаралық рейстерде де жасауға болатынын ұмытпаңыз. Біз заманауи ұсыныстың бірнеше түрін талдап көрсетуге тырыстық. Талғамға талас жоқ. Өміріңіздегі маңызды қадамды қалай жасасаңызда өз еркіңізде. Ең бастысы, өз отауын тігіп жатқан әр отбасы бақытты жанұялардың қатарынан табылғай.  

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қытай құрамасының экс-бас бапкері 20 жылға түрмеге қамалды
Оралда өзеннен ер адамның денесі табылды
Тәуелсіздік күні қарсаңында Қызылордада 500-ден астам отбасы жаңа баспанаға ие болды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Астанадағы әскери оқу орнына Оман Сұлтандығының делегациясы келді
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Астана-Бурабай бағытында жаңа туристік электр пойызы іске қосылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Роналдудың бағасы құлады. Бірақ бұған әр клубтың қалтасы көтере бермейді
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Президент тапсырмасы: Жас ғалымдарға пәтер берілді
Павлодар облысында полицейлер инсульт алған әйелді құтқарды
Маңғыстаулықтар Азия чемпионы атанған Бекзат Нұрдәулетовті салтанатпен қарсы алды
Азия боксының жаңа дәуірі: Asian Boxing өз жұмысын бастады
Астананың бір ауданы жарықсыз қалды
Азия боксының жаңа дәуірі: Asian Boxing өз жұмысын бастады
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Қаңтардан қаңтарға дейін...