Тілшілік – тіршілік. Жаңалықтар бөлімінің журналистері салмақты саясат, қорқынышы көп қылмыстық әлем, өнер мен руханиятқа толы мәдениет саласы туралы айтады. Жыл он екі ай жылт еткен жаңалықты Сіздерге жеткізеді. Қарбаласқа толы осындай тілшілердің бір күні қалай өтеді?Тағы да бір керемет таң атты! Жұмысқа тойға баратындай дайындалу – менің әдетім. Өйткені, жұмысымды өте қатты жақсы көремін. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Тоқта, бүгін арнамыздың 30 жылдығы ғой. Сол үшін ерте шақырған екен ғой. Күнделікті жұмысқа қоғамдық көлікпен барамын. Халықтың ортасында жүріп, мәселелермен бетпе-бет келемін. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Әсет аға, іші тар, иә? Қоғамдық көліктердің мәселесін көтеру керек еді. Бүгін шеф-редакторға ұсынып көрмесем. Ньюсрум. Сіздерге жететін барлық ақпарат дәл осы айнадай ғана бөлмеде дайындалады. Ал бұл – менің сүйікті әріптестерім. Дәл қазір жиналыс болып жатыр. Бүгін әлгі көзбен көріп келген «қоғамдық көліктер» мәселесін көтеретін болдым. Енді соған спикер табу керек... Ең қиыны да осы. Біздің ұжым жастардан құралған. Сондықтан әзіліміз жарасып, кейде осылай еркелеп те аламыз. Бір-бірімен сөзі жарасқан ортада жұмыс істеу – бақыт. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Мына дауысты естідіңіздер ма? Бұл тезірек монтажға отырып, материалыңды аяқта деген тапсырма. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:Менің жұмыс күнім осы жандармен қызықты. Оларға осының барлығы үшін алғысымды айтқым келеді. Енді, міне, құрметті көрермен, журналистің бір күні қалай өтетінін, менің әріптестерім қандай жандар екенін жақсы білдіңіздер. А, айтпақшы, мен үшін ең маңызды адам қалып бара жатқан сияқты. Бүгінгі материалды әзірлеген оператор – Әсет Елембаев.