Қостанай облысында анасы мен екі баласына иіс тиіп, көз жұмды. Ал көмірқышқыл газына уланған отағасы аудандық ауруханаға жеткізілді. Қайғылы жағдай Федоров ауданына қарасты Қоржынкөл селолық округінде болған. Пештің жарығынан шыққан ыс иісі 39 жастағы ана мен екі жасөспірімнің өмірін жалмап кетті. Департамент келтірген дерекке жүгінсек, қазан айында 54 оқиға тіркеліп, 9 адам қаза тапқан.Қайрат ҚАСЫМ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСШЫСЫ: Пеш жағу кезеңі басталған кезде біз профилактикалық іс-шаралар жүргіземіз.Сол іс-шараралар барысында осы үйге біздің қызметкерлер келіп ұсыныс жасаған. Пештің сыланған тесіктері мен шойын плитасында жарық бар болған. Оқиға болған жерге Қостанай облысының ТЖД қызметкерлері шықты.