Тобыл өңірінде биыл 25 елдімекен қаңырап қалды. Жұрттың бәрі қалаға көшіп жатыр. Салдарынан ауыл халқы 5 процент азайған. Сарапшылар бұған не дейді? Урбанизацияның соңы неге әкелуі мүмкін? Тілшілеріміз тарқатып айтады.Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: Жол азабы, ауыз су тапшылығы, телефон байланысының мүлдем болмауынан ауыл халқы қалаға қарай ағылып жатыр. Ол аз десеңіз төрт түлік ұстауға жер жоқ, бала оқытуға мектеп жоқ. Төзімі таусылған көпшіліктің облыс орталығына қоныс аударудан басқа амалы жоқ. Айбек ҒАЛЫМЖАНОВ, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ: Облыс бойынша негізі қала халықының саны 511 мың адамды құрайды.Ал ауылдық жерлерде тұратын адамдар саны 323 мың құрап отыр.Бұл ретте қала халқы 48 мың адамға немесе 10,4 пайызға өссе, ауыл халқы 100 мың адамға яғни 23,6 пайызға азайған. Департамент келтірген деректерге жүгінсек соңғы он екі жылда өңірдегі халық саны 20 пайыз өскен. Ал аудандарда керісінше, азайған. Өңірге көшіп келген қандастардың көбі шаһарға шоғырланып жатыр. Мәриям ӘБДІРАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ҮЙЛЕСТІРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР БАСҚАРМАСЫ КӨШІ-ҚОН БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: Әсіресе Рудный қаласында орналасқан. Себебе сол жерде жұмыс орындары бар деген ой. Яғни Соколов -Сарыбай комбинатына орналастырылған көбі.Сол жерде еңбек етуде. Жыл басынан бері облысқа 937 қандас қоныс аударған. Жеті жүзге жуық адам өзге өңірден көшіп келген. Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: Облыстағы көші-қон ахуалы осындай. Елдің бәрі ағылатын елорданың жағдайы қалай?Оны әріптесім Ерқанат жеткізеді. Ерқанат СӘРСЕНБАЙ, ТІЛШІ: Елордаға қоныс аударғандардың саны еселеп артуда. Мұнан бөлек қалалықтар санының ең жоғары өсімі Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстарында да байқалады. Ең урбанизацияланған аймақ -Қарағанды. Мұндағы халықтың 80 пайызы қалада қоныстанған. Нұрғалым КЕНЖЕБЕК, ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ: Еліміздегі урбанизация көрсеткіші 56 пайыздан 61 пайызға өсті. Санақ қорытындысы бойынша қала халқының саны 11,7 млн-ды құраса, ауыл халқының саны 7,4 млн-ды құраған. Астана қаласы бойынша халық санына тоқталатын болсақ, 2009 жылғымен салыстырған кезде 613 мыңнан 1 млн 234 мыңға өскен. Экономистер ауылдағы халықтың азаюын оларға жағдайдың жасалмағанынан көреді. Елдімекендердің әл-ауқатые көтермей бұл үрдісті тоқтату мүмкін емес деген пікірде. Сапарбай ЖОБАЕВ, ЭКОНОМИСТ: Инвестицияны кейін жұмыс орындарын, барлығын ауылды ұмытып қойдық. Ашық айту керек. Ауыл мал бағып, өзін-өзі күн көреді дегендей бір пікір болды да, ауылдың мынау жерді халыққа берудің орнына бір олигархтарға, латифундистерге беріп қойдық та, оларға субсидия беріп, олар қалада тұрып байып кете берді. Ал ауыл халқы ашық айтатын болсақ, мал бағатын жері болмай қалды. Амал жоқ, сондықтан жұрт жан-жаққа көшіп жан бағуда дейді мамандар. Қазір Астана қаласында 1 млн 300 мыңнан аса халық бар. Алайда, бұл ресми тіркелгендері ғана. Жақсы жалақы, жайлы өмір үшін бас қалада жүргендер жалпы көп. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Заработок бойынша келдім. Себебі, Петропавлда средный айлық 150. Осында 300, 400 болады. - Оқуға келдім. Осы Астанада колледж бітіріп, сол колледжде жұмысқа қалам деп ойлаймын. Қазір үкімет Астанаға қоныс аударушылардың санын шектеу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл урбанизацияға тоқсауыл қоя ма, жоқ па, ол жағы белгісіз.