Қостанай облысында боранда мал қарауға шыққан бақташы екі тәуліктен бері іздестіріліп жатыр. Тек оның астындағы аты табылған. Ал Мирный ауылының жанындағы шаруа қожалығынан жаяу шығып адасқан әйел 6 сағаттан кейін табылды. 47 жастағы әйелдің беті мен қолы үсіген. Қазір ауруханада, жансақтау бөлімінде жатыр. Өміріне қауіп жоқ. Өткен үш күн ішінде қар құрсауында қалған, адасқан 64 адам құтқарылыпты. 150 – ге жуық адам жылыту орталықтарына орналастырылған. Ал екі тәуліктен бері табылмай жатқан бақташы, Арқалық қаласының маңындағы Фурманов ауылынан екі серігімен бірге жылқы іздеп шыққан көрінеді.Қасындағылардың бірі жаяулап елдімекенге жетсе,екіншісін құтқарушылар көлікте отырған жерінен аман-есен тапты. Қайрат ҚАСЫМ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ: Бірақ бақташының өзі әлі табылмай жатыр. Оны іздеуге 29 адам 7 техника жұмылдырылды. Көз көрсетпейтін алай-дүлей боран жұмысты қиындатты. Бүгін таңертең ғана күн аздап ашылды. Енді іздеу жұмыстарын кең ауқымда жүргізетін боламыз.