Тобыл өңірінде бірнеше ауылдың жолы қардан аршылмай жатыр

Қостанай облысындағы Меңдіқара мен Федоров ауданына қарасты бірнеше ауыл қар құрсауында қалды. Тұрғындар қарды өздері күрекпен аршуға тырысуда. Алайда тоқтаусыз соққан боран салдарынан аршылған жер қайта жабылып қалуда. Ал әкімдер техника жетпейді дейді. Өңірден-Заңғар Санай.Қарамай ауылында 10 үй бар. Арнайы техника 1 шақырымға жуық жердегі күре жолды аршып, ауыл ішіне кірмей кетеді. Соның салдарынан округ орталығындағы мектепке қатынайтын балалар бірнеше күннен бері сабақты қашықтан оқып жүр. Ауыл әкімі көшені тазалауға техника жетіспейтінін айтады. Марина БУГУШЕВА, ЛОМОНОСОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Ауа райының қолайсыздығына байланысты туындаған проблема ғой. Жол аршылып жатыр. 1 шақырым жер. Тіпті одан да аз.Тұрғындар күре жолға жаяу да жете алады. Федоров ауданындағы Қоржынкөл, Лесное ауылына апаратын жолдарды да қар басқан. Тұрғындар көліктерін жол бойына қалдырып 11 шақырым жерге жаяу баруға мәжбүр. БЛИЦ: - Үш күн бұрын жұмысқа бардым. Ертең тағы баруым керек.Әлі үйіме жете алмай жүрмін. Жол жоқ.Бір рет жол аршыды.Қайта басып қалды. - Сегізінші наурыз күні жолға шықтық. Содан бері қаңтарылып тұрмыз. Тобыл өңірінде төрт-бес күннен бері қарлы боран соғып тұр. Мердігерлер қарды тазалап үлгермей жатыр. Жергілікті шаруалар да техникаларын шығарған. Жасұлан ӘЙМЕНОВ, ФЕДОРОВ АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Бүгін қарлы боран.Таңертең жолды басып қалуы мүмкін. Сондықтан тағы аршуға кірісеміз. Мердігерлерге жергілікті шаруалар көмектесіп, техникаларын беріп жатыр. Бөлім басшысы қалың қарды аршуға басқа да мекемелерді жұмылдырамыз деп отыр. Сондықтан шұғыл тендер жарияланған көрінеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді
Абай облысында үздік педагогтар марапатталды
Балалар колониясында шырша мерекесі өтті
Алматыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік бастама бастау алды
Ұлытау облысында жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойды
Семейде зейнеткерді көлік қағып кетті
Бес баланың анасы Әйгерім Сәттібаеваға 5 млн теңге табысталды
Астанада полицейлер күшейтілген режимге ауысты
Төрт Қазақстан спортшысы шаңғымен трамплиннен секіруден Құрлықтық кубокта өнер көрсетеді
Бюджет қаражатын ысырап еткендерге сот үкімі шықты
Бұрқасын, көктайғақ: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Екі мегаполис пен 14 облыста дауылды ескерту жарияланды
Семейде әскери қызметшілер 17 гектардан астам орман учаскесін тазартты