Тобыл өңірінде «Жарқын ауыл» жобасы аясында 400-ден астам ауыл қамтылады

Қостанай облысында алғаш рет «Жарқын ауыл» жобасы қолға алынды. «АМАNАТ» партиясының игі бастамасы астықты өлкедегі төрт жүзден астам ауылдың ажарын кіргізіп, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқаты жақсарады. Партия бастамасын жергілікті билік қолдап отыр.Межелі жобаға меценаттар да атсалысады. «АМАNАТ» партиясы сайлауалды бағдарламасы бойынша биыл 5 мектеп салынып, 51білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі.Дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік пункттер ашылып, мәдени және спорт нысандары салынады. Ондаған елдімекенге су құбыры тартылады. 1 мың шақырымға жуық жол жөнделіп, ауыл көшелері көркейеді. «Жарқын ауыл» жобасы ең әуелі Қостанай ауданына қарасты Айсары елдімекенінде жүзеге асады.1300 тұрғыны бар ауылдың 3 көшесі жөнделіп, балалар ойын алаңы бой көтереді. Стадион қайта түлейді. Фельдшерлік пункт салынады. Бауыржан НҰРҒАЗИН, АЙСАРЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Бұл -үлкен жоба. Мұның ауыр жағы да бар.Жеңіл жағы да бар.Бірақ шамамыз келсе жылдың аяғына дейін осы бағдарламаны орындау бар мақсатымыз.Халықтың жағдайын жақсарту.Сонымен қатар 2 жыл көлемінде ауыз су бағдарламасымен 1 миллиард теңге көлемінде проект жасалынып жұмыс басталған болатын. Алмат ДОСМҰХАМЕДОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ: Биыл осы жоба аясында төрт жүзден астам ауылды қамтимыз. Облыстық бюджеттен 50 миллиард теңге 1 мың шақырым жолды жөндеуге бөлінді.Қомақты қаражат есебінен 280 ауылдың көшелеріне де ақша жұмсалады.56 білім ошағы жөнделіп, 19 медицицналық мекеме ашылады.8 мәдени және спорттық нысандар салынады.19 елді мекенге су құбыры тартылады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
«Қарғыс атқыр...»: Қанат Әлжапбаровтың тойда айтқан сөзі жұрттың ашуына тиді
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды