Тобыл өңірінде «Жарқын ауыл» жобасы жүйелі жүзеге асып жатыр

Қостанай облысында алғаш рет қолға алынған «Жарқын ауыл» жобасы жүйелі жүзеге асып жатыр. «АМАNАТ» партиясының игі бастамасы аймақтағы төрт жүзден астам ауылдың ажарын кіргізіп, тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатының жақсаруына жол ашады. Жергілікті биліктің қолдауына ие болған межелі жобаға меценаттар да атсалысып жатыр. «АМАNАТ» партиясы сайлауалды бағдарламасы бойынша биыл облыста 5 мектеп салынып, 51 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі. Соның бірі Әулиекөл ауданына қарасты Новонежин орта мектебі. Жөндеу жұмыстары басталып кетті. «Жарқын ауыл» жобасы аясында осы ауылдық округте 2 көше жөнделіп, екі тұрғын үй бой көтереді.Спорт кешені ашылады. Жансұлтан ТӘУКЕНОВ, ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:Республикалық жолдың торабында орналасқан.Үлкен елді мекен. Екі мыңнан астам халқы бар. Былтырдан бастап ауыз суға қол жеткізілді орталықтандырылған. 1,5 миллиардтан астам бюджет тарапынан қаражат бөлініп, оның ішінде осы мектептің күрделі жөндеуіне қол жеткіздік.Осы жылы жұмыстар қарқында жүріп жатыр.Жаңадан спорт кешені бой көтеру керек осы қыркүйек айына дейін. Облыс тұрғындарының 38 пайызы ауылда тұрады. «Жарқын ауыл» жобасы аясында елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту, ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамту негізгі меже. Өйткені өңірдегі 140 ауылда су мәселесі өзекті болып тұр. Сонымен қатар жүздеген ауыл мектебі интернет игілігін көре алмай отыр. Жол жөндеу, көшелерді жарықтандыру жұмыстары тағы бар. «АМАNАТ» партиясы сайлауалды бағдарламасы бойынша биыл 19 дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік пункт ашылып, 19 елді мекенді сумен қамтамасыз етіледі. Жыл соңына дейін басқа да ауқымды жұмыстар атқарылады. Жоба аясында партияның аудандық филиалы,әкімдік және кәсіпкерлер меморандумға қол қойды. Үш жақты мәміле жобаның жемісті жүзеге асуына жол ашпақ. Алмат ДОСМҰХАМЕДОВ,«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ ТӨРАҒАСЫ:Партия, жергілікті атқарушы билік және меценаттармен бірігіп жұмыс істесек,жобаның жемісін көреміз деп ойлаймын. Әркім өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарса, діттеген мақсатқа жетеміз.Ауыл тұрғындарының әл-ауқаты, тұрмыс –тіршілігі де жақсара түсері сөзсіз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ҚПЛ тарихында ең көп жалақы алған ТОП-5 ойыншылар
Үш ай бұрын жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны табылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады
Мұз үстінде ойнап жүрген екі бала құтқарылды
Алматыда атыс болды: полиция ақпаратты растады
Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты
Ақтаулық оқушылар сары құмырсқаның емдік қасиеті барын анықтады