Тобыл өңірінде өрттен зардап шеккен тұрғындар тағы өтемақы алуы мүмкін

Тобыл өңірінде өрттен зардап шеккен тұрғындар әлі көмекке мұқтаж. Әсіресе жол бойындағы базарда сауда жасаған адамдар ісін жалғастыруға ақша таппай отыр.Орманның арқасында күнелткен олардың сыпыртқы, саңырауқұлақ, бал секілді өнімдері түгел өртеніп кеткен. Қаржылай қолдау көрсетілсе, базарға қайта барар едік дейді көпшілік. Тұрғындар тілегін тілшіміз Заңғар Санай тыңдады.Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ: Алапат өртке дейінАаманқарағай тұрғындары осы жерде сауда жасап, ақша тапқан. Жергілікті билік шағын базарды қайта қалпына келтіріп қойыпты. Бірақ сатушылардың көбісі жоқ.Өйткені олардың өнімі түгел өртке оранған. Істі қайта бастау үшін қаржылай қолдау қажет деп отыр. Сахан Қажығалиқызы 20 жыл бойы жол бойындағы базарда сыпыртқы, саңырауқұлақ, бал сатып ақша тапқан. Отбасын осымен асыраған. Өрттен кейін қол қусырып қалғанын айтады. Сахан ҚАЖЫҒАЛИҚЫЗЫ, ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бәрі жанып кетті. Менде 5 мыңға жуық сыпыртқы болды. Отбасымызбен орман арқылы күн көріп отыр едік. 100 литр саңырауқұлақ жанып кетті.Соның бәрін санағанда 5 миллионға жуық аша. Қазір бір банка алатын ақшам жоқ. Өрттен зардап шеккен отбасылардың әрқайсысына 5 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілді. Төрт түлігі, қора-қопсысы жанып кеткендерге де төлемақы берілді. Қазір қайырымдылық қорынан тағы қаражат бөлу жағы қарастырылып жатыр дейді аудан атқамінерлері. Әсет БЕКЕШ, ӘУЛИЕКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Құжаттарын бәрін тексеріп, қарап сосын төлемақысын зардап шеккен адамдарға төлейді. Қордың саясатына байланысты бір миллион теңгеден әр адамға. Батырбек АХМЕТОВ, ҚОР ТӨРАҒАСЫ: Әулиекөл ауданынан түскен 170 адамға құжат бар.Соларды ертең құрылтайшылармен жиналып, қарап көреміз. Қандай мүмкіншілік, қалай бөлетінімізді. Біздің қорда қазір 280 миллион көлемінде ақша тұр. Қорға 1 миллиард 267 миллион теңге түскен. Соның 232 миллионы тұрғындарға берілген. Қалған қаражат межелі мақсаттарға жұмсалады. З. Санай

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Суық пен аштықтан қиналып қалдым“: жасөспірім тауға шығып, түсе алмай қалған: 23 қараша 2024, 10:30 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?: 23 қараша 2024, 09:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
ШҚО-да «Аңсаған сәби» бағдарламасы бойынша алғашы сәби дүниеге келді
XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің қазылар алқасының 70%-ы - шетелдік сарапшылар
Серуендеу - ми жұмысын жақсартудың ең оңай әрі жылдам әдісі
Алматыда тауға жалғыз шыққан жасөспірім адасып кетті
Алматыда туристерді құтқару амалдары пысықталды
Қазақстанда мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Экология мен халықтың денсаулығын жақсарту тәсілдері белгіленді
Әлемде аллергияның әлегіне түскендер көбейген
Елде темір жолдарды жөндеу жұмыстарының 96%-ы аяқталды
Қазақстан мен Ресейдің ауыл шаруашылығы ведомстволары агроөнім саудасын жеңілдетуге ұмтылуда
Көлік полицейлері ҚТЖ-да дизель отынын ұрлаған қылмыстық топты ұстады
ТМД елдерінде шарап өнеркәсібі реттеледі
Қырғызстанда жер сілкінісі тіркелді
Атырау тұрғыны сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
Жаңа жыл қарсаңында пойыз билеттеріне жеңілдік жасалады
Елордада интернет-алаяқтықпен күрес қалай жүріп жатыр
Абай облысында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің форумы өтті
«Болашағы жоқ»: Биыл елімізде 45 ауыл жойылады
Қорғаныс министрлігі елорда тұрғындарына ескерту жасады
Қорғаныс министрінің кейбір бұйрықтарынан тиімсіз нормалар анықталды
Парашютпен секіру жерде ұшу элементтерін пысықтаудан басталады
Алматыда «Күз-2024» шақыру компаниясы аяқталды