Тобыл өңіріндегі бастамашыл топ уақыт белдеуін ауыстыру мәселесін тағы көтерді

Табиғи уақыт белдеуінің ауытқуы -адам денсаулығына қауіпті. Тобыл өңіріндегі бастамашыл топ осылай дабыл қаққалы бірнеше жыл болды. Олар сағат тілін кері жылжытуды талап етіп отыр. Қазір Қостанай облысының стандарттық уақыты өзінің географиялық белдеуінен 1 сағат 46 минутқа озық. Сағат белдеуінің салдары жөнінде Заңғар Санай сабақтайды.Заңғар САНАЙ,ТІЛШІ: Тобыл өңірінде уақыт белдеуі соңғы рет 2005 жылы өзгертілді. Содан бері аймақ тұрғындары жазғы уақытқа ауысу деген ұғымды мүлдем ұмытқан. Қазір таңертеңгі сағат сегізде дала тас қараңғы. Күн тоғыздан аса шығады. Бәзбіреулер үшін уақыт белдеуін өзгерту экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуы мүмкін. Бірақ әлеуметтік өзектілігін де ескерген жөн. Қоғам белсенділері табиғи ырғақтан ауытқудың аса қауіпті екенін ескертіп, табиғи уақытың теңестірілуін талап етуде. Давид МАМЕДОВ, «АТА-АНАЛАР» ОДАҒЫНЫҢ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӨКІЛІ: Балаларымыздың денсаулығы үшін. Олар дұрыс білім алуы үшін табиғи уақыттың қайтарылғаны абзал. Аркадий ДЕНИСОВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Сағаттық белдеуді ауыстыру үшін ақшаның керегі жоқ. Ал шенеуніктер ақша бөлінетін мәселеге ғана көңіл аударады.Сондықтан бұл проблема әу бастан әкімге қызық емес деп ойлаймын. Алайда уақытты тез ауыстыру керек.Табиғи уақытты ертерек теңестірсек, талай бүлдіршіннің психикалық дертке шалдығуының алдын аламыз. Қостанай мен Қызылорда облысы бір бойлықта жатыр.Бірақ екі өлкеде екі бөлек уақыт. Сыр өңірінде 2018 жылы сағат тілі кері жылжыған. Бастаманы қоғам белсендісі Болат Нұрқожаев көтерген еді. Қолданбалы хронобиология маманы Қостанай облысының да сағаттық белдеуін қайтаруға белсенді атсалысып келеді. Болат НҰРҚОЖАЕВ, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ, ҚОЛДАНБАЛЫ ХРОНОБИОЛОГИЯ МАМАНЫ: Қазіргі уақыта Қостанайда таң тоғыздан аса атады. Қыстың күндері.Оның балалар ұйқысыздығы денсауалығына, психикасына тіптін зорлық ол. Әлі миы оянбаған баланы біз мектепке оятып сабаққа жіберіп жатырмыз.Таң атуынан ерте тұрғызған оның тез ұйқы фазасына ремсон дейді сол бұзылады. Ол миға қажетті, ойлану қабілетіне, интелектіге қабілетті фаза. Біз соны бұзып жатырмыз. Тобыл өңірін табиғи уақытымен теңестіру мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Ведомства аралық комиссия да құрылды. Халық қалаулылары тиісті министрліктерге депутаттық сауал жолдады. Бірақ қомақты қаражат пен ғылыми зерттеуді қажет етпейтін мәселені шешуге не кедергі, кім тосқауыл екені әзірге түсініксіз. Бұған дейін Қостанай облыстық әкімдігі уақытты ауыстыру жөнінде қоғамдық тыңдалым өтетінін хабарлаған. Алайда аймақ шенеуніктері қашан, қайда болатынын дөп басып айтпай отыр. З. Санай

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мереке ме, мейрам ба: қай нұсқа дұрыс?
«Екінші мұнайдан» енші аламыз ба?
Отырарлық үздік ұстаздарға Дубайға жолдама табысталды
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды