Қостанай облысындағы елдімекендердің 64 пайызы интернетпен қамтылған. Қалған ауылдарға да байланыс орнатылып жатыр. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде Тобыл өңірі 2026 жылы толық өркениет игілігіне қол жеткізеді. Бүгін мәжіліс депутаттары өңірдегі байланыс операторларымен кездесіп, саладағы түйткілді мәселелерді талқылады. Мәжіліс депуттары әуелі Қостанайда салынып жатқан «Смарт-орталығының» құрылысымен танысты.Мұнда мыңнан астам бала қосымша ілім алып, цифрлық технологияның сырын ұғады. Оқушылар ордасы келешек кемелді ұрпақтың негізін қалайтын қара шаңыраққа айналмақ. Берік ТАҢЖАРЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРЫЛЫС, СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл жобаға 10,7 миллиард теңге қаражат бөлінді.Қыркүйектің аяғына дейін бұл нысанның құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Еркін ӘБІЛ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Енді осы жерде оқу процессін ұйымдастыру екінші мақсат. Және үшінші мақсат осы балалардың оқу процессін өндрісіпен бір жағынан, екінші жақтан біздің Қазақстан ғалымдарымен байланыстыру. «AMANAT» фракциясының мүшелері Еркін Әбіл мен Екатерина Смышляева шаһардағы 5 G стандартты станциясының жұмысымен танысты.Жыл соңына дейін қалада 11 мұнара бой көтереді. Ал 23 ауыл 4 G кеңжолақты интернеттің игілігін көреді. Азамат ҚАШИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ АРХИВТЕР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 2024 жылы 50 антенна салайын деп отырмыз.Соның ішіне біз оңтүстік өңірдегі елдімекендер Милісай, Шилі ауылдары бар. Егерде техникалық мүмкіндіктер болса,онда сол ауылдарға келесі жылдың аяғына дейін 4 G мобилді ұялы байланысын орнатамыз. Келелі кездесу барысында шалғайдағы ауылдарды сапалы байланыс және интернетпен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Бұл түйткілдер «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында да белгіленген.Қостанай облысында 180-ге жуық ауылда ұялы байланыс нашар. Интернет жоқ. Ақпараттандыру басқармасының басшысы алдағы 3 жылда аймақтағы барлық елдімекен өркениет көшіне ілеседі деп сендірді.