Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында бруцеллез шыққан шаруашылыққа шектеу қойылды. Яғни уақытша сыртқа мал тасымалдауға, әкелуге, ет, сүт және сиырдың басқа өнімдерін саудалауға болмайды. Бұған дейін дәл осы шаруашылықтағы 36 сиырдан бруцеллез табылған. Ауру малдың бәрі сойылып, етінен сынама алынып терең зерттеуге жіберілген. Соның біреуінен бруцеллез таяқшасы анықталды. Енді облыстағы эпизотикалық жасақ сауықтыру жұмыстарын жүргізуге кіріседі. Мамандар малды емдеудің үш жолын ұсынып отыр.Әуелгісі - екі апта сайын малдан қан алып тексеру.Одан кейінгісі- ауру шыққан жердегі малды түгел етке өткізу. Үшінші жолы -табындағы түліктің бәріне вакцина егу.Бауыржан БЕКЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Шаруашылық сол үшінші жолмен сауықтырамыз деген өздерінің жоспарлары бар. Вакцина егіп сауықтыру. Ондай болса 15-20 күн ішінде қан алып болғасын, іле вакцина егіледі. Сонда 20 күннің шамасында сауықтырылады.