Тобыл өңірінің фермерлері астығын өткізе алмай отыр

Тобылдық фермерлер биыл жинаған астықты өткізе алмай отыр. Өйткені нарықты көрші мемлекеттің бағасы төмен бидайы жаулап алған. Жергілікті диқандар сырттан астық кіргізбеу жолдарын қарастыру қажет дейді. Бұл мәселеге қатысты бүгін Президент те айтты. Халыққа қызмет көрсету және өнім өткізу үшін елімізде ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылады. Оларға құрал-жабдық және техника сатып алу үшін субсидия қарастырылады. Мемлекет басшысы мұнан басқа тағы бірнеше тапсырма берді. Толығырақ Заңғар Санай айтады.Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ: Тек Тобыл өңіріне күн сайын жүздеген жүк көлік Ресейден арзан астық тасиды. Жергілікті фермерлердің болжамына жүгінсек, бір күнде елімізге 30 мың тоннаға жуық бидай жеткізіледі. Трейдерлер Ресейден жеткізілген астықтың тоннасын 80 мың теңгеден сатып алып, экспортқа жөнелтуде. Ал отандық өнімге сұраныс жоқ. Сондықтан құны да құлдырап барады. Өткен күзде фермерлер өнімнің тоннасын 120 мың теңгеден өткізген екен. Сол тұста азық-түлік корпорациясы 115-123 мың теңге аралығында баға белгілеген. Дәл осы бағамен тағы астық сатып алса талай шаруа тығырықтан шығар еді дейді диқандар. Марат АХМЕТОВ, «ФЕРМЕРЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ҚОФ» ТӨРАҒАСЫ: Корпорация да осындай жағдайды көріп отырғанда тым болмаса 1 миллион тонна сатып алса тауар өндірушілерден. Онда нарықта тағы да баға көтеріледі. Диірменшілерде қарсы емес. Өйткені олар алдында 115-120 мың теңгеден алды.Қазір ұндарын өткізе алмай отыр. Май істейтін зауыттар майларын да өткізе алмай отыр. Дер кезінде демеу қаржының берілмеуі де жергілікті фермерлерге «жығылғанға жұдырық» боп тұр. Айтуларынша былтырдан бері субсидия ала алмай жүрген шаруалар бар. Биыл аймақтың ауылшаруашылық саласына 43 миллиардан астам қаражат қарастырылған. Қомақты сомманың 1 миллиард 700 миллионы диқандарды қолдауға бағытталады. Нұрсұлтан ҚАБДЕЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Жаңа ақпараттық жүйеге көшуге байланысты көптеген қиындықтар туып жатыр.Барлық проблемалық сұрақтарды біз уақытында ауыл шаруашылық министрлігіне жеткізіп жатырмыз. Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің алғашқы сессиясының ашылуында ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру жөнінде айтты. Бұл мақсатқа 1 триллионға жуық теңге бөлінеді деді. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Ауыл шаруашылығы кооперативтері халыққа қызмет көрсету және өнім өткізу үшін құрылады. Оларға құрал-жабдық және техника сатып алу үшін субсидия беріледі. Осы мақсатқа 1 триллионға жуық теңге бөлінеді. «Ауыл – ел бесігі», «Ауыл аманаты» жобалары ауылды дамытуға арналған жаңа тұжырымдамаға арқау болуға тиіс. Президент ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға сапалы заңдар қажет екенін және бұл жұмысқа «Ауыл» партиясы араласатынына сенім білдірді. Астықты өлкедегі шаруалар осыған үміт артып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Бишімбаев пен Байжанов Салтанаттың мәйітінен құтылмақ болған – мемлекеттік айыптаушы
Астана әуежайы 24 желтоқсанға дейін түнде жұмыс істемейді
Құлсарыда 300-ден аса үй әлі де су астында
Атырауда мереке күні жедел жәрдем фельдшерін ұрып-соққан
Министрлік өкілі Бағдат Мусиннің қызметтен кетуін талқылап жатқандарға жауап берді
Атырауда 20 жастағы жігіт жедел жәрдем қызметкерін ұрып-соққан
Шымкентте ауданды тазалауға 200-ге жуық адам қатысты
"Астана Балет" сахнасында балет кеші: "Серенада" және "Ғашықтың тілі - тілсіз тіл..."
Каспий теңізіне тасқыннан жиналған 1 млрд текше метрге жуық су жіберілді
Алматыда жүк көлігі мопед жүргізушісін басып кеткен
"Ұлттық парктердің бәрі қоқыс". Депутат Үкімет басшысына сауал жолдады
Америкада алғашқы қазақ балабақшасы ашылды
Петропавлда екі жігіт әскерге бара жатқан жолда қашып кетті
Енді есірткі өндіргендер өмірбақи бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Елге тасқынмен бірге енді топалаң келеді – Мақсат Толықбай
Алтай ауданында тұрғын үйлерді су басып жатыр
Бес мыңнан аса павлодарлық қаржылық пирамидалар шырмауына іліккен
HRW: Ресей әскери күштері украиндықтарды соттан тыс өлім жазасына кескен
«Досболlike» бағдарламасына 70 мыңға жуық оқушы қатысып жатыр
86 жастағы зейнеткер алғашқы махаббатына үйленді
Қазақстанда ұлттық спорт туралы заң жобасы әзірленеді
«Номғон-2» ғұрыптық кешенінен табылған бітіктастың екінші бөлігі таныстырылды
Cпортшылардың Олимпиададағы ас мәзірі белгілі болды
Егін жинау жұмыстарына дизель отынына өтінім қабылдау басталды