Тоқаев Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік шараға қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиынға қатысқан әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, сөз сөйледі."8 наурыз – көктем мерекесі. Бұл – сұлулықтың, мейірім мен жылулықтың символына айналған мереке. Біз ер-азамат болып, сіздерді жоғары бағалаймыз, құрметтейміз және жақсы көреміз. Нәзік жандарға деген біздің ықыласымыз, ілтипатымыз әрдайым ерекше. Жалпы, әйелді құрметтей білген қоғамды мәдениетті, өркениетті қоғам деуге болады. Дана халқымыз қашанда анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген. Қыздарын қадірлеп, төріне шығарған. Бұл – ежелден қанымызға сіңген асыл қасиет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы елдіктің жүгін ер-азаматтармен қатар көтеріп, адал еңбек етіп жүрген әйелдер қауымына алғыс айтты. Сондай-ақ мемлекет тарапынан оларға әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді. "Менің бастамаммен өкілді билік саласында сіздерге арнайы квота бөлінді. Қазіргі таңда Парламент пен мәслихаттардағы әйелдердің үлесі артты. Бұл бағыттағы жұмыс жалғаса береді. Қыз-келіншектер Отанымызды дамытуға елеулі үлес қосып жатыр. Өз кәсібін дөңгелетіп жүрген белсенді әйелдеріміз аз емес. Сондай-ақ өндірісте, ғылымда және спортта табысқа жеткен аруларымыз көп. Қазақстандағы ұстаздардың басым көпшілігі – әйелдер. Сіздер жас ұрпақты отаншылдыққа, білімпаздыққа, еңбекқорлыққа баулып жүрсіздер. Ұлт саулығын жақсартуға зор еңбек сіңіріп келесіздер. Қазақстанның көркеюіне елеулі үлес қосып жүрген осындай жандар зор құрметке лайық. Бұл – керемет үрдіс", – деді Президент. Айта кетсек, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 10 260 057 әйел тұрады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ер адам үш адамды әдейі өртеп жіберді
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Аймағамбетов өндірісте адам өліміне алып келетін тәртіп бұзушылықтарға қатысты жазаны қатайтуды ұсынды
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі