Тоқаев: Жақында Қазақстанда ең маңызды түбегейлі реформалар басталады

Қазақстан Президенті Римге ресми сапары аясында Италияның бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесті. Дөңгелек үстелге халықаралық деңгейдегі 30-ға жуық компания қатысты. Бұл туралы Ақорда хабарлайды. Қасым-Жомарт Тоқаев Италияның бизнес "капитандарына" Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы жан-жақты мәлімет берді. Оның айтуынша, әлемдегі геосаяси жағдайға қарамастан, еліміз аймақтағы ең ірі және қарқынды дамып келе жатқан экономикалардың бірі ретіндегі орнын сенімді түрде сақтап отыр."Былтыр еліміздің экономикалық өсімі 5,1 пайыз деңгейінде болды. Бұл – болжамды жаһандық көрсеткішке қарағанда шамамен 2 есе жоғары. Біздің орта мерзімді перспективадағы стратегиялық мақсатымыз – 2029 жылға қарай экономиканың көлемін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік беретін 6-7 пайыздық өсімге қол жеткізу. Ол үшін ауқымды реформалар жүргізу қажет еді",-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.Президенттің сөзінше біз саяси реформалармен қатар, нарықтық және бәсекеге қабілетті экономикамызды айтарлықтай нығайтып жатырмыз. Мұны табысқа жетудің қажетті шарты деп атап өтті мемлекет басшысы. "Қазақстанда таяу арада экономикамыздың ашық, сенімді және қарқынды дамуына ықпал ететін аса маңызды әрі түбегейлі реформалар басталады. Мұны сіздерге сенімді түрде айта аламын. Мақсатымыз – Қазақстандағы стандарттарды, ережелерді және бизнес жүргізу тәжірибесін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының деңгейіне жеткізу. Біз ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін инвестициялық ахуал қалыптастыруға ұмтылып жатырмыз", – деді Мемлекет басшысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді
Қазақстанның басым бөлігінде боран болып, тұман түседі
Алаяқтар «айыппұлмен» алдауға көшті
Ақмола облысында төрт жасар бала 39 магнитті жұтып қойды
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қазақстанның былтырғы күзде қанша астық экспорттағаны белгілі болды
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды