Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда ғалымдармен болған кездесу соңында ғылымның түрлі саласында еселі еңбек етіп жүрген бірнеше азаматқа салтанатты түрде пәтер сертфикаттарын табыстады.Ақорданың хабарлауынша, Президент жас ғалымдарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету – мемлекеттің міндеті екенін атап өтті. Пәтер сертификаттарына мына жас ғалымдар ие болды: 1. Абилдина Айназ Қайратқызы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры; 2. Молдамұратов Жанғазы Нұржанұлы – Халықаралық білім беру корпорациясының жалпы құрылыс факультетінің деканы; 3. Әлия Темірхан – Қазақстан-Британ техникалық университетінің ғылыми қызметкері; 4. Құрманов Ерғали Бержігітұлы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті; 5. Жанұзақ Рамазан Жақсыбайұлы – Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының зертхана меңгерушісі; 6. Омарова Жансая Бағдатқызы – Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің аға оқытушысы; 7. Бакранов Нұрлан Болатұлы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясының бас қызметкері; 8. Құлтаева Шынар Мәлікқызы – Халықаралық білім беру корпорациясының қауымдастырылған профессоры; 9. Байжұма Сәмет – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы. 10. Әділхан Бауыржан Нүкербекұлы – Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының лаборатория меңгерушісі.