Тоқаев: Күштік құрылымдар жаңа талапқа сай болуы қажет

Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бүкілармиялық кеңесте Күштік құрылымдар жаңа талапқа сай болуы қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz."Күштік құрылымдар жаңа талапқа сай болуы қажет. Қазір Арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды. Сондай-ақ десанттық-шабуылдаушы әскердің қарым-қабілетін арттыру үшін нақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Аумақтық қорғаныстың әлеуеті күшейтілуде. Азаматтық қорғаныс бөлімшелері құрылып жатыр. Арнайы жасақ бөлімдерін дамыту ісі тың қарқынмен жалғасуда. Осы жұмыстың бәрін уақтылы аяқтау керек. Олар біртіндеп қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілуге тиіс". Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің сөзінше, мемлекеттік органдардың тығыз қарым-қатынаста болуы өте маңызды. Сонда ғана біз кез келген қауіп-қатерге төтеп бере аламыз. Қуатты армия – тұрақтылық пен тыныштықтың кепілі» "Әскерді технологиялық жаңғыртуды жалғастыру қажет. Заманауи қару-жарақ пен техниканың, әсіресе, дәлдігі жоғары қару-жарақтардың, ұшқышсыз ұшақтар мен роботтық жүйелердің үлесін арттыру қажет. Әскерлердің ұтқырлығын арттыру үшін әскери-көлік авиациясы мен жауынгерлік машиналар паркін ұлғайту қажет. Маңызды міндет – озық ақпараттық жүйелер мен технологияларды енгізу. Шешім қабылдау тиімділігін арттыруға және жауынгерлік бөлімшелердің әлеуетін арттыруға ерекше назар аудару қажет. Бұл әскерлерді қолданудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді". Мемлекет басшысы «Армиямызды толыққанды қаруландыру мен жаңғыртуда отандық әскери-өнеркәсіптік кешен маңыздрөл атқаруға шақырылған. Үкімет әскери өнімдер мен қызмет түрлерін кеңейту үшін барлық шараларды қабылдауы керек. Тағы бір кезек күттірмейтін міндет – зауыттық және әскери жөндеу мүмкіндіктерін арттыру. Бұл бағытта біздің әлеуетіміз зор».

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дархан Сатыбалды Президент Әкімшілігіне жаңа қызметке тағайындалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Алматыда 2025 жылы тағы 100 мектеп автобусы сатып алынады
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Енді Қазақстанда көлікті бес минуттан артық қыздырғандарға айыппұл салынады
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Президент құрылыс индустриясы нысандарымен танысты
Мереке күндері республикалық автожолдардан 6,2 млн текше метр қар шығарылды
Алматы фристайлдан әлем чемпионатын қабылдайды
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Юлия Путинцева әлемдік рейтингте жеке рекорд орнатты
Алматыда Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған көрме ашылды
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Қабырғаны бұзып, миллиардтарды ұрлаған: Павлодардағы банктегі ұрлықтың егжей-тегжейі
Қазақстанда доллар бағасы тағы қымбаттап жатыр
Елордалық отбасы арзан бағада тур аламыз деп алаяққа алданды
Мәжілісмендер Ақтөбедегі балалар футбол академиясына барды