Тоқаев құтқарушыларды сапалы даярлауға ерекше назар аудару қажет екенін айтты

14 ақпан күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы курсанттары алдында сөйлеген сөзінде Үкімет Академияның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселелерін пысықтап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz."Құтқарушы болу – қиын әрі қатерлі жұмыс. Шын мәнінде, бұл – нағыз ержүрек азаматтардың кәсібі" деген Президент төтенше жағдай мамандары жұмыс барысында талай рет ерлік көрсеткенін, оның қатарында Академияның түлегі Асқар Забикулин де бар екенін тілге тиек етті. "Ер есімі – ел есінде". Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмауға тиіс", – деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ азаматтық қорғау жүйесі үнемі жаңғыртуды қажет ететінін айтты. "Бүгінде озық әлемдік тәжірибені үлгі ету, заманауи технологияларды енгізу өте маңызды. Құтқарушыларды сапалы даярлауға ерекше назар аудару қажет. Бұл мәселеде, әрине, командирлер мен оқытушылар негізгі рөл атқарады. Осы ретте оқу жағдайы үлкен маңызға ие"-деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Читать источник astanatv.kz/kz/
Петропавлда дәмхана маңындағы төбелес видеоға түсіп қалды
Елорданың мектепке дейінгі ұйымдары қаңтардан бастап ваучерлік қаржыландыруға көшеді
Әнші Ayree сүйіктісімен мешітте некесін қидырды
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан