Тоқаев Мажарстан Премьер-Министріне: Қазақстан — сіздің атамекеніңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанмен кеңейтілген құрамдағы кездесу кезінде екі елдің бауырластық байланысы туралы айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.«Қазақстан сіздің атамекеніңіз деп айтуға болады. Себебі тамырыңыз осы жерден бастау алады. Өзіңіз қыпшақтарға өте жақынсыз. Бұл деректі қазақтар жақсы біледі. Сондықтан сізге өте ризамыз. Сіздің сапарыңыз өте маңызды. Екі ел арасындағы ынтымақтастыққа күшті серпін береді деп сенеміз. Қазақ пен мажар — ежелден сыйластығы жарасқан туыстас халықтар. Екі елдің тілі, салт-дәстүрі, мәдениеті ұқсас. Орта ғасырларда Торғай даласынан Еуропаға қоныс аударған қыпшақ тайпаларының ұрпақтары бүгінде Мажарстан аумағында өмір сүріп жатыр. Біз мұны мақтан тұтамыз. Тарихи тамырластық және тығыз байланыстар бүгінде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тереңдей түсуіне негіз болды. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-мажар ықпалдастығы барлық салада қарқынды дамыды», — деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан осы бауырластықты, өзара тиімді қарым-қатынасты бұдан әрі тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. «Бүгінгі келіссөз екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға тың серпін береді деп сенемін», — деді Президент.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тірі кезінде бағалаңыздар! – Нұрлан имам
Қазақстандық сұлу боксшы сегіз дүркін чемпионды сабады
Костенко шахтасындағы жарылыс: басшылық қарапайым қауіпсіздікті сақтамай келген бе
Алматы қаласы мәслихаты шешімін мемлекеттік тіркеу туралы АҚПАРАТ  
Ленин кинотеатры Қарағанды облысының Жастар үйіне беріледі
Жезқазғанда «Таза Like» акциясы басталды
Өлексе сатқанша өлгені жақсы еді: Астанада алаяқ кәсіпкер ұсталды
Егескен екеу ел бола ма?.. Зеленский Путиннің пайымына түсініктеме берді
Астана мен 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алматыға 1,7 млн турист келді
Қарағандыда шалбарын шешіп, оқушыларды аңдып жүрген адам психикалық орталыққа тапсырылды
"Алтынбек - ұры жүйенің идеологы болған адам" - Серік Әбдіраханов
«Неге туып алмайсың?»: Айнұр Тұрсынбаева орынсыз сұрақ қоятындарға ренішін білдірді
Тірі кезінде бағалаңыздар! – Нұрлан имам
«Менің қуанышым»: Жансая Әбдімәлік күйеуіне сезімін білдірді
Қостанайда қарлы тосқауылдан 15 адам құтқарылды
Костенко шахтасындағы жарылыс: басшылық қарапайым қауіпсіздікті сақтамай келген бе
Алматыда танысу сайттары арқылы тақырға отырғызатын күдіктілер ұсталды
Әнші Дастан Оразбеков әйелімен бірге кезекті рет клип түсірді (ВИДЕО)
Қостанай облысында 174 ауыр жүк көлігі жолда тұрып қалды
943,6 мың гектар - Қазақстан Ресейге жалға берген Капустин Яр полигонының жерін қайтара алмай отыр
Тағы да нокаут: Назым Қызайбай мерзімінен бұрын жеңіске жетті
«ЛГБТ жасөспірімдерге оң әсер етуде»: Қоғам белсендісі министрліктің есебіне наразылық білдірді
Астанада оқушы қыздың қазасынан кейін жүк көліктеріне бақылау күшейді