Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады.Мемлекет басшысы медицина қызметкері күніне орай Twitter-дегі парақшасында құттықтау жариялады. "Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді", - деп жазды Президент. Бүгін – медицина қызметкері күні. Бұл мереке маусым айының үшінші жексенбісінде тойланады.