Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Араб республикасы Парламенті Сенатының төрағасын қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасындағы қарым-қатынас пен сауда-экономикалық және мәдени гуманитарлық салалардағы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ Президент Мысыр компанияларын көлік-транзит, туризм, цифрландыру және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Сонымен қатар Сұлтан Бейбарыс мешітін күрделі жөндеуден өткізіп, тарихи тұлғаның есімін ел жадында жаңғыртуға зор үлес қосқаны үшін Мысыр үкіметіне ризашылығын білдірді.