Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 28-29 қыркүйек күндері Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады, деп хабарлайды Zakon.kz.Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Федералдық канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді. "Сонымен қатар Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр", – делінген ресми хабарламада. Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.