Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасының президенті Анджей Дуданы ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Польша Республикасының президенті Анджей Дуданы ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады. "Бүгінде Польша саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуда, халқының әл-ауқатын қамтамасыз етуде зор жетістіктерге жетті. Осы тұста еліңіздің әлемдегі мәртебесі одан әрі асқақтап, халқыңыздың ырыс-берекесі еселене беруіне тілектестігімді білдіремін. Біз Польшаны Қазақстанның Еуропадағы жақын серіктесі деп білеміз және достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарымызды тереңдетуге ерекше мән береміз, – деп жазылған жеделхатта.