Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ватиканға Рим Папасы Францискпен ресми кездесуге барды.Президенттің келуіне Швейцария гвардиясының құрметті қарауылы жасақталған. Тоқаевты Рим Папасы сарайы префектурасының регенті Леонардо Сапиенца қарсы алды.Айта кетейік, 18 қаңтарда Тоқаев Италияға ресми сапармен барған. Қазақстан президенті 19 қаңтар күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі деп жоспарланған еді. Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италия президенті Серджо Маттарелламен келіссөз жүргізді. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл Қазақстан президенті ретінде Италияға жасаған алғашқы сапары екенін атап өтіп, қонақжайлық көрсеткені үшін Серджо Маттареллаға алғыс айтқан. Мемлекет басшысы еліміздің Еуропа Одағындағы сенімді серіктестерінің бірі – Италия Республикасымен қарым-қатынасы ұзақ уақыттан бері өзара тиімді сипатта дамып келе жатқанын жеткізген,-деп хабарлайды Ақорда.