Тоқаев үкіметке 5G-ді енгізуді ертерек аяқтау керегін айтты

Бұл жайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Ұлттық статистика бюросын нағыз цифрлық ведомствоға айналдыратын маңызды реформаны жүзеге асыру керек. Статистикалық және басқа да деректерді ретке келтіру үшін кешенді шаралар қабылдау қажет. Оның ішінде басқару саясатын әзірлеу, деректердің мақсатты архитектурасын анықтау мәселесін назардан тыс қалдырмаған жөн, – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы. Ол бұл мемлекеттің тиімді шешімдер қабылдауының негізгі шарты болатынын айтты. 5G желісін кең көлемде енгізу инновацияның дамуына тың серпін береді. Бұл процесс Қазақстанда қазірдің өзінде жүріп жатыр, – деді Тоқаев. Президент 2027 жылға дейін барлық облыс орталықтарын ұялы байланыстың жаңа буынымен қамту міндеті бұған дейін жүктелген еске салды. Алайда технологияның қарыштап даму жағдайында біз де қарқынды арттыруымыз керек. Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын, яғни 2025 жылдың соңына дейін аяқтауы қажет. Әрине, мерзімнің өзгеруі көрсетілетін қызметтердің сапасына әсер етпеуге тиіс. Бұдан бөлек, бұл мақсатқа жету үшін төменгі орбитадағы спутниктік жүйелердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шалғай аудан тұрғындарын интернетпен қамтамасыз ету маңызды, – деді Ел басшысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ватикан: Рим папасының жағдайы күрт нашарлады
Бозкілемде атой салған балуандар
Жамбылдағы аламан
Астанада тағы бір инклюзияны қолдау кабинеті ашылды
«Қар, көктайғақ, бұрқасын»: 15 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Көктемде SCAT әуекомпаниясы жаңа халықаралық рейстерді іске қосады
Бозкілемде атой салған балуандар
Ауа райының қолайсыздығына байланысты үш облыста жол жабық
Жасанды интеллект жаппай құбылысқа айналмайды
Шымкенттен Үрімшіге тікелей әуе рейсі ашылады
Көлеңкелі бизнес көсегені көгертпейді
Өскеменде ауа сапасы нашарлайды
4 наурыз күні Қазақстанда ауа райы қандай болады
Жайылым жерлерді кеңейту
Қазгидромет ауа райына байланысты ескерту жариялады
Кинода да кино бар, кейіпкері тым бөлек
Инвестицияның игілігі мен иірімі
«Байға тиемін»: Құлдықта болған Құндыз күтпеген мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
Қазақстандықтар 8 наурызда қосымша демалыс күнін алады
Әлемдегі ең қауіпсіз компанияның ұшағы апатты жағдайда қонды
Бокстан айымыз оңынан туды
Мұғалім болу – бір басқа, «ұстаз» болуға тест керек
Керек ағашты кесе берме
Азық-түлік бағасы реттелмек