Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады

Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады. Ол Мемлекет басшысына Ұлттық банктің былтыр және биылғы қаңтар-ақпан айларында жүргізген ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарын таныстырды.Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы және әлемдегі экономикалық жағдайдың даму барысы, инфляцияның қарқыны мен оны тұрақтандыру шаралары жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, Ұлттық банк төрағасы жылдық инфляцияның бәсеңдегенін және ішкі экономикада проинфляциялық факторлар сақталып отырғанын жеткізді. Сонымен қатар БЖЗҚ активтері мен алтын-валюта резервтерінің жай-күйі, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайында баяндады. Тимур Сүлейменов Мемлекет басшысының бұған дейін экономиканың нақты секторын қаржыландыру ісін кеңейту жөнінде берген тапсырмасының орындалу барысы, сондай-ақ Ұлттық төлем жүйесін дамытуға, ашық банкинг қағидаттарын енгізуге бағытталған жобалардың іске асырылуы туралы айтты. Бұдан бөлек, Президентке клиенттердің қаражатын алаяқтардан қорғау мақсатында антифрод-орталық құру, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу және бюджет шығыстарының ашықтығы мен тиімділігін арттыру үшін цифрлық теңгенің әлеуетін пайдалану жайында мәлімет берілді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк қызметінің негізгі бағыттарына қатысты бірқатар міндет жүктеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Петропавлда көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы азық-түлік дүкені өртенді
14 жастағы түркістандық бала әлемдік рекордты жаңартпақ
Алматы зообағында ширек ғасыр өмір сүрген Хан есімді керік өлді
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Адамдардың ауыруына тыйым салынды
Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді
Петропавлда құтқарушылар үш сағаттан аса уақыт бойы алапат өртті сөндірді
Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін
Елімізде 9 автокөлік өткізу пункті жаңғыртылуда
Петропавлда үш сағаттан аса уақыт бойы құтқарушылар алапат өртті сөндірді
10 қаңтар – Ұлттық Ұлан құрылған күн
Шымкентте бес ай бұрын пайдалануға берілген үйлер бүлініп жатыр (ВИДЕО)
Ақмолада жолдағы қар тазаланбағаны үшін 14 шенеунік жазаланды
ТЖМ құтқарушылары Солтүстік Қазақстанда қар құрсауында қалған жүргізушіні құтқарды
Ливанда жаңа президент сайланды
Бір қаланың оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды
Түркістан облысында құтқарушылар үш жүкті әйелді перзентханаға жекізді
Түркістан облысында құтқарушылар үш жүкті әйелді перзентханаға жекізді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
Петропавлда көппәтерлі тұрғын үйдің астындағы азық-түлік дүкені өртенді
Brain drain немесе білімді қазақ жастарының шетелге имиграциялануының сыры неде?
Павлодар облысы Майқайың кентінде жер дүмпуі тірелді