"Токио Олимпиадасымен салыстырғанда жолдама саны аз болады", - министр

Париж Олимпиадасына спортшыларымыз 19 ғана лицензия жеңіп алған. Бұл Токиода өткен халықаралық жарыспен салыстырғанда өте төмен. Сәйкес кезең бойынша ол кезде қоржынға 30 жолдама түскен еді. Соңғы дүбірлі додаларда алтынның ауылы алыстай түскенін көрдік. Алдына жан салмайтын боксшыларымыздың өзі ақсап қалды. Сала министрі олқылықтың орнын толтыру үшін саңлақтарымыз қызу дайындық жүргізіп жатқанын айтты. Ермек МАРЖЫҚПАЕВ, ҚР СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ МИНИСТРІ: Алдағы уақытта әлі 60-қа жуық лицензиялық турнир бар. Бұл жарыстарда сәтті өнер көрсетіп, лицензиялардың санын 70-тен асыру көзделіп отыр. Әсіресе, алдағы күндері Италияда өтетін турнирде боксшыларға зор сенім артылуда. Жалпы, Токио Олимпиадасымен салыстырғанда жолдама саны аз болады. Бірақ, біз сапаға мән беріп отырмыз. "Париж Олимпиадасы Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі". Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Дидье Канесс осылай деді. Ол спортшыларымызға дүбірлі додада сәтті өнер көрсетуіне тілектес екенін айтып, Олимпиада бойтұмарын табыстады. Дидье КАНЕСС, ФРАНЦИЯНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ: Бұл Франция үшін де, Қазақстан үшін де маңызды жарыс. Олимпиаданың Парижде өткізілуі спортпен қатар басқа да салаларда байланыстың артуына сеп боларына сенім мол.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды