Төл тарихына және тарихи ескерткіштерге құрмет көрсету -текті ұрпақтың міндеті. Тобыл өңіріндегі «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері ел бойынша бастау алған экоакцияны жалғастырып жатыр. «Вандализмге жол жоқ» акциясына Қостанайдағы жастар қанатының өкілдері мен блогерлер, қоғам белсенділері қосылды. Олар облыс орталығындағы «Тың игерушілер» монументінің маңайын қоқыстан тазартты.Түрлі жазулар мен суреттерді өшірді. Мыстан құйылған ескерткішті бүлдіргісі келетін қаскөйлер көп. Алдағы уақытта бұл төңірекке бейнебақылау камерасы орнатылмақ. Сөйтіп вандализм жасағандар жауапкершілікке тартылады. Байболат СЕГІЗБАЕВ, БЛОГЕР: Вандализм жасап, неше түрлі сурет, неше түрлі жазулар жазып кеткен. Соларды жойып, соларды қалпына келтіру үшін осындай акция болып жатыр. Барша Қостанай жастарын осындай ескерткіштерге сурет салмауға шақырамын. Бәріміз өз тарихымызды бағалап, болашаққа жақсы қадам жасайық.