Алматыда танымал әнші Төреғали Төреәліге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Танымал әртіске Қылмыстық кодекстің 378-бабы бойынша "Билік өкiлiн өз қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде немесе оларды атқаруына байланысты қорлады" деген айып тағылды. Ал Төреғалиды ұстамақ болған 6 полиция қызметкері жәбірленуші деп танылды."Сотталушы Әлиханов (Төреғали Төреәлі - еск.) Қылмыстық кодекстің 378-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылсын, оған 40 сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалсын. Сондай-ақ, одан жәбірленушілер пайдасына 17 мың теңге және сот шығындарына 19 мың теңге өндірілсін", - деді судья. Сот барысында әнші қамауға алынбады: оған басқа бұлтартпау шарасы таңдалды. Осыған байланысты сотталушы Төреғали әр сот отырысына тергеу изоляторынан емес, үйінен келеді. Бұл жолы ол өзінің Lexus LX570 көлігімен келді, ол биыл жазда полициядан қашып кетпек болған. Сот отырыстарында судья қылмыстық іс материалдарын зерттеді. Осылайша, полиция журналдарындағы жазбалар зерттелді, онда офицерлер өздерінің бейнежазбаларының нөмірлерін көрсетеді.