Төреғали Төреәлі әйеліне бейнебаян арнады

Отандық әнші Төреғали Төреәлі Алматыда "Менің Толқыным" атты әніне түсірілген бейнебаянының тұсауын кесті. "Ұлы дала баласының" жұбайына арнаған туындысын алғаш болып өнердегі әріптестері тамашалады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.Тұсаукесер Рамазан айымен тұспа-тұс келгендіктен, эстрада жұлдызы келген қонақтарға ауызашар ұйымдастырды. Қасиетті айдағы басқосуда Мейрамбек Бесбаев, Кенжебек Жанәбілов, Мұқасан Шахзадаев, Қайрат Нұртас және тағы басқа өнер жұлдыздары бой көрсетті.Ақ тілегін арнап келгендер арасында "Алашұлы", "Заман" тобы мен Бағлан Әбдірайымов, Мырзахан Маханов, Дәулет Бижанов та болды.Ал Төреғали Төреәлі салтанатты жиында бірден екі бейнебаянын жарыққа шығарды. Оның алғашқысын әнші сүйікті жарына арнаса, екіншісін өз кәсібіне, яғни, фастфуд тағамдарына қатысты таспалаған. Еске сала кетейік, эстрада жұлдызы "Менің Толқыным" бейнебаянын осыдан бірнеше ай бұрын "Көлсай көлдері" табиғи паркінде түсірген еді. Ал түсірілім кезінде туындаған жанжалдан көпшілік сол кезде-ақ хабардар болып үлгерген. Дәлірек айтсақ, өткен жылдың қыркүйек айында Төреғали Төреәлі жас жігітті соққыға жықты деп айыпталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын. Көп ұзамай ол Бекарыс есімді гидпен ресми бітімге келгенін айтып, көпшілікке үндеу жасады.Жиында әнші жанжалмен жанталасып түсірген бейнебаянын жарыққа неге кеш шығарғанын түсіндірді. "Сабақты ине сәтімен" дегендей, орайы осылай келіп тұр. Арнайы сақтауды мақсат етпедік, тек Алла қасиетті Рамазан айында жарық көруін нәсіп етті. Бұл бейнебаянды "Бол жанымда" атты ең алғашқы әнімді таспалаған өзбекстандық танымал режиссер Дилмурод Агзамов арнайы келіп түсірді", - деді ол.Өнер иесі Көлсайдағы оқиғаға қатысты пікір білдіруді де ұмытқан жоқ."Қазір ол жара жазылды. Өз жасағанымның айыбын алып, заңға бағынамын. Бауыржан атамыздың "Тәртіпке бағынған құл болмайды" деген сөзі бар. Өнердің де, өмірдің де бұралаң жолы көп", - деп түйіндеді ол. Төреғали Төреәлінің жұбайының туған өлкесінде таспалаған бейнебаяны ақ дастарханға жиналған қонақтардың көңілінен шықты. Кеш соңында өнердегі аға буын өкілдері Мейрамбек Бесбаев, Кенжебек Жанәбілов пен Мұқасан Шахзадаев сөз алып, әншіге өз тілегін білдірді. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Рыбакина жаңа маусымды жаңа бапкермен бастайды
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"
Елордада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Тар киім кию қатерлі ісіктің пайда болуына әкелетіні рас па?
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Павлодар облысында жылыту пункттері 10 мың адамды қабылдауға дайын
Ауа райының бұзылуына байланысты Түркістан, Жамбыл облыстарында жол жабылады
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Айгүл Иманбаева күйеуінің қалай еркелететінін айтып мақтанды
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Ауа райына байланысты бірнеше өңірде жол жабылды
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Шыңдағы рух күші: алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
Екі облыста жол жабылды
Қазақстандағы инклюзивті қоғам: даму жолдары мен болашағы
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы