Төреғали Төреәлінің адвокаты әнші полицейлерді кешіргенін айтты

Адвокат Тілеужан Кішкенебаев әнші Төреғали Төреәлінің ісіне қатысты жаңа деректер айтты. "Менің өмірім" бағдарламасында әншінің құқығын қорғаушы адвокаты Төреғалидің полицейлерді кешіргенін баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ."Сот Төреғалидің ісі бойынша оны кінәлі деп тапты. Оған 20, 15, 3 тәулік әкімшілік қамақ түрінде жазалар қолданды. Ол жазасының бәрін өтеді. Бірақ, Төреғалидің құқығы бұзылғаны рас. Өйткені, әу бастан, ұстаған кезден бастап, өзінің асығып бара жатқанын түсіндірген. Олар түсінгісі келмей, мәжбүрлі түрде көліктен шығуын талап еткен. Сол кезде ол "Жақсы, мен қорғаушымды шақырайын. Қорғаушым келсін. Соның қатысуымен сұрақтарыңызға жауап берейін" деген. Бірақ, оған мұрша бермеген. Оны сүйрелеп, көліктен жерге құлатып, бәрі жамырап үстіне мініп алып, қолына кісен салып, ауыр қылмыс істеген адамды ұстағандай ұстады. Ол енді болмайды ғой. Тізесімен басын езу, қолын қайырып, кісен салу деген болмайды. Ол кінәсі дәлелденбеген адам. Олай ұстауға болмайды. Кінәсі дәлелденіп, құқықпен жаза тайындалмады", - деді Тілеужан Кішкенебаев.Сонымен қатар Төреғали Төреәлінің полицейлерді кешіргенін де айтты."Полицейдің артық кеткен жері көп болды. Төреғали Төреәліге мен полиция қызметкеріне қатысты іс қозғауға қатысты материал дайындап қойдым. Бірақ ол кісі "Олардың ата-анасы, бауырлары, туыстары тыңдарманым ғой. Бір жолға кешірейін. Тапсырма берілгесін солай жасаған шығар. Кешірімді болған дұрыс қой" деп, бізді тоқтатып қойды", - деді Төреғалидің адвокаты. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Ескерту жазбайсыңдар, айыппұл жазасыңдар». Желіде полиция бастығының аудиосы тарағаны рас па?
Универсиада-2025: Мәнерлеп сырғанаудан София Самоделькина қола жүлде иегері атанды
19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
“2 жылға бас бостандығын шектеу“. Жанна Оразбақоваға қатысты қылмыстық іс қандай бап бойынша қаралып жатыр?
19 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
«Ескерту жазбайсыңдар, айыппұл жазасыңдар». Желіде полиция бастығының аудиосы тарағаны рас па?
Құрманғазыда жаңадан екі көпір салынады – Атырау облысы
Қыста тері проблемасы болмас үшін қандай дене бөлігін жуу қажет?
Қарағандыдағы Үлкен Бұқпа өзені қалай тазартылып жатыр
Солтүстік Қазақстанда жұмысшылардың жалақысынан заңсыз ақша ұсталған
Алматы облысында барымташылар тобы құрықталды
Ашқарынға жеміс-жидек жеуге бола ма? Дәрігер жауабы
Астанада крещение рәсімі қалай өтіп жатыр
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады