Төреғали Төреәлінің адвокаты әншіні ұстау кезінде полицияның қатыгездік танытқанына наразы

Есірткіге мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталған қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің адвокаты оны ұстау кезінде полицейлердің қатыгездік танытқанына наразылық танытты. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Қорғаушы Тілеужан Кішкенебаевтың айтуынша, тұтқындау кезінде полицейлер өз өкілеттіктерін асыра пайдаланған. Бұған дейін әлеуметтік желіде әнші ұсталған соң медициналық сараптама бөлмесінде адвокат пен полиция қызметкерлері арасында ауызша кикілжің басталғаны туралы видео тараған. “Бір адамды ұстау үшін жиырма полицей келген. Құдды бір ерекше ауыр қылмыс жасаған қылмыскер сияқты”, – дейді әншінің қорғаушысы.Видеодағы полиция қызметкері қорғаушы тарапқа әншінің есірткіге мас күйінде болғанын, оның өзіне ғана емес, қоғамға да қауіп төндіретінін түсіндіреді. “Біз заң аясында әрекет етеміз”, – дейді полицей. Айта кетейік, Төреғали Төреәлі Алматыда есірткіге мас күйде полицияға ұсталған болатын. Кейінірек әнші 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Қазақстан футзалдан Еуро-2026 іріктеу кезеңінде жеңіске жетті
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Қарағандыда 12 жастағы өгей қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
Тәуелсіздік мерекесіне орай полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Президент бюджет туралы заңға қол қойды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды