Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері министр Ажар Ғиният келтірген COVID-19 статистиксына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz.Қазнетте денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сұхбатынан үзінді тарады. Ол кейінгі төрт айда елімізде тоғыз жарым адам COVID-19 жұқтырғанын айтады. Министрліктің баспасөз қызметі мәліметінше, видео контекстен үзіп алынған."Әлеуметтік желілердегі видео денсаулық сақтау министрі айтқан ақпараттың бастапқы мағынасын бұрмалау үшін қолданылып жатыр. Сондықтан КВИ-мен сырқаттанушылық статистикасы келтірілген арандатушылық видеоны одан әрі таратпауларыңызды сұраймыз. Нақтырақ айтқанда, министр 9,5 мың адам туралы айтқан. 2023 жылдың басынан бастап Қазақстанда 9086 КВИ+ жағдайы және 435 коронавирус пневмониясы жағдайы тіркелді, жалпы бұл - 9,5 мың науқас. Министр эпидемиологиялық мониторингіге, сырқаттанушылық статистикасына және науқастарды емдеуге байланысты барлық мәселені тұрақты бақылауында ұстайды", - деді министрліктің баспасөз қызметі өкілі.