Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында екі басты бұзау туды. Ауыл тұрғындарының үрейін туғызған төлді малдың иесі бауыздап тастаған, деп жазады NUR.KZ.Оқиға Нұра ауылында болған. Мал дәрігерінің айтуынша, бұзау басын көтере алмаған. "Бұл екі-үш күнде болған жай. Сиыр 10 наурыз күні төлдеген. Мал иесі оны ертеңіне таңда көрген. Малдың оны қалай туғаны бәрімізге түсініксіз болып тұр. Малдың иесі маған WhatsApp арқылы бірден хабарлады. Ол кезде мен жұмыспен аудан орталығында болдым. Мал иесі бұзауды бауыздап тастағанын айтты. Бұзау басын көтере алмаған. Иесі төлді қинамау үшін сондай қадамға барған", - дейді Нұра ауылдық округі ветеринарлық пункт меңгерушісі Әмір Өтеген. Бұл оқиға ауыл тұрғындары арасында үреу туғызған. Бұл туралы ақтөбелік журналист Нұрболат Туысбайұлы Facebook-те жазды. "Балалық шағым өткен ауылда екі басты бұзау дүниеге келіпті. Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Нұра совхозы. Кластастарымның чатынан ұққаным, ауыл халқында үрей бар сияқты. Экологияның белгісі ме екен?", - дейді журналист.