Енді аптасына үш күн демалуға болады. Ол үшін жұмыс кестесін бекітіп, басшыңызбен келісімге келу қажет. Бұл өзгеріс шілдеден бастап тәжірибеге енгізіледі. «Бес-алты күндеп жұмыс істеп, отбасына көңіл бөле алмай жүрген жандар үшін бұл тиімді болмақ» дейді мамандар. Десе де, жаңашылдық мемлекеттік қызметкерлерге майдай жақса керек.Шалқар ОРАЗБЕКОВ, ҚР ЕХӘҚМ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ЖӘНЕ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Енгізіліп отырған жаңа норма 1 шілдеден бастап, көбісінше 5 күндік, 6 күндік жұмыс аптасымен кезектестіру арқылы енгізу. Бұл жерде жұмыскер тарапынан ұсыныс болса, жұмыс берушіге жібереді. Жұмыс беруші келісімін берсе жұмыс режимі енгізіледі. Бұл режим халықаралық нормаларға сәйкес келеді. Бүгінгі күні бірқатар кәсіп орындар енгізген. Ал айлығы шайлығына жетпей жүрген қара халық «еңбекақымыз қысқарып қала ма?» деп қорқатын көрінеді. Қолдайтындары да бар. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Қолдаймын. Өйткені адамдар қалай болса да, қалған 3 күнін семьясына, отбасына арнаса дұрыс болар еді. - 4 күндік жұмыс аптасын қолдамаймын. Себебі, кейбір жұмысшылар осы 5 күндік жұмыс апталығында өзінің жұмысын тиянақты атқара алмай жүр. - Менің ойымша, адамның жасын ескеру керек. Немесе көпбалалы ана, баласы әлі кішкентай сондай дүниелерді ескеріп, жағдайлары ерекше адамдарға 4 күндік жұмыс аптасын енгізуге болады. С. Оралбеков