Төтенше жағдайлар министрлігі Алматыдағы жер сілкінісіне қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.ТЖ министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдегі мұндай жер сілкінісі – қалыпты жағдай. Ведомство жедел ақпарат алғаны атап өтілді. "Мониторинг жүргізілуде. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. 2-3 балл – бұл аймақ үшін қалыпты жағдай", – делінген хабарламада. Естеріңізге салсақ, Алматыда магнитудасы 3,6 болатын жер сілкінісі болды.