Танымал блогер Бота Әбдіраманова әлеуметтік желіде ата-анасының қалай өзгергенін көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.Блогердің айтуынша, оның анасы сол күйі той көйлегін кимеген. Бота Әбдіраманова бұл олқылықтың орнын толтыру үшін ата-анасына той көйлегі мен классикалық костюм кигізді. 63 жаста тұрмысқа шығу кеш деп кім айтты? – деп жазды блогер. TikTok-та бұл видео миллионнан астам қаралым жинап, бойжеткеннің әрекеті оқырманан тарапынан жоғары бағасын алған. «Сондай сүйкімді жұп, анасының энергетикасы керемет екен, әкесі қайта жақсы көріп қалған сияқты», «Ата-анаңыз өте әдемі екен», «Ата-анаңызды осылай қуантқан сізге рахмет», - деп жазды оқырман қауым.