Трампқа қатысты сот отырысы аяқталды, енді алқабилер үкім шығарады

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың тарихи қылмыстық сотының тыңдауы аяқталды, деп жазады ВВС.Сот бір жарым айға жуық уақытқа созылды. Істің бүкіл жай-жапсарын анықтау үшін сотқа негізгі куәгерлер шақырылды, олардан прокурорлар да, экс-президенттің адвокаттары да жауап алды. Трамптың адвокаты Тодд Бланш жалпы алғанда үш сағатқа жуық, ал Манхэттен аудандық прокуратурасының өкілі Джошуа Стейнгласс бес сағаттан астам уақыт сөйледі. Олардың міндеті — прокурорлар Трамптың сайлауға дейін бизнес жазбаларын бұрмалаудағы кінәсін дәлелдей алды ма деген басты сұраққа жауап беру. Айыпты немесе айыпты емес деп тану үшін бүкіл алқабилердің бірауыздан шешімі қажет. Трамп тағылған 34 айыптың ешқайсысы бойынша кінәсін мойындамады, сонымен қатар Дэниэлспен жыныстық қатынасқа түспегенін айтты. Бланш Трамптың кінәсіз екенін, ал прокурорлар ештеңе дәлелдей алмайтынын айтты. Прокурор Джошуа Стейнгласс экс-президенттің адвокаттарына бұл іс бойынша Майкл Коэннің берген айғақтарынан бөлек Трамптың кінәсін растайтын «көптеген дәлелдер» бар деп қарсылық білдірді. Стейнгласс сонымен қатар Сторми Дэниэлс өтірік айтады деген қорғаушы тараптың мәлімдемесін жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұрынғы президенттің адвокаттары порно актрисаны «өзгертіп» қойған. Айта кетейік, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Нью-Йоркте 2016 жылғы сайлау алдында порноактриса Сторми Дэниэлске қатысты төлемақыны сайлаушылардан жасыру үшін қаржы есебін бұрмалады деп айыпталған болатын. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандық жас теннисші Еуропада жыл үздігі атанды
Ұшақ апатынан белгілі кәсіпкер отбасы мүшелерімен бірге мерт болды
Теннис: Қазақстан құрамасы «C» тобында
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
35 градус аяз күтіледі