Алғашқы жеті адам бұрынғы президент Дональд Трамптың сотында әділ әрі бейтарап үкім шығара алатындарына сендіргеннен кейін қазылар алқасының құрамына сайланды, деп хабарлайды NBC News.АҚШ-тың алқабилер соты 12 адамнан тұрады. 96 үміткердің ішінен таңдалған алғашқы жеті адам ант берді және дүйсенбіде сегіз аптаға созылатын сот процесін бастайды. Қазылар алқасы туралы келесі мәлімет бар: Бірінші алқаби: Батыс Гарлемде (Нью-Йорк ауданы) тұрады, сату саласында жұмыс істейтін адам. Ол үйленген және «кез келген нәрсені таза ауада» істегенді ұнатады. Екінші алқаби: Жоғарғы Ист-Сайдта (Нью-Йорк қаласы) тұратын әйел, «Memorial Sloan Kettering»-те онкологиялық медбике болып жұмыс істейді. Оның сөз байласқан жұбы бар. Ол бос уақытын отбасымен сондай-ақ достарымен өткізгенді ұнатады. Саябақта итімен серуендегенді жаны сүйеді. Үшінші алқаби Челсиде (Нью-Йорк қаласы) тұратын жас жігіт, корпоративті құқық заңгері болып жұмыс істейді. Жаяу жүруді және жүгіруді жақсы көреді. Төртінші алқаби Төменгі Ист-Сайдта тұратын орта жастағы ер адам, IT бойынша оқыту және кеңес берумен айналысады. Үйленген, бір баласы мен екі немересі бар. Бесінші алқаби Гарлемде тұрады. Мұғалім болып жұмыс істейтін жас әйел. Ол жігітімен тұрады. Театрға барғанды және сахаттағанды ұнатады. Алтыншы алқаби Челсиде тұратын жас әйел. Мамандығы – инженер-программист. Жетінші алқаби Жоғарғы Ист-Сайдта тұратын ер адам, азаматтық адвокат болып жұмыс істейді. Ол табиғат аясында уақыт өткізгенді ұнатады. Нью-Йоркте Дональд Трампқа қатысты қылмыстық процесс дүйсенбі күні басталды. Бұл бұрынғы президенттің қылмыстық іс бойынша сотқа алғаш рет тартылуы.