Қар тазалау жұмыстары тәулік бойы күшейтілген режимде жүргізілуде, деп хабарлайды BAQ.KZ "ҚазАвтоЖол" ҰК баспаcөз қызметіне сілтеме жасап.Күн күрт суып кеткен күннен бастап жолшылар шамамен 2 мың м3 көктайғаққа қарсы материал пайдаланды. Дәл қазіргі сәтте ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық трассалардың 15 учаскесінде жол қозғалысына шектеу енгізілді. Республикалық желіде 500 бірлік арнайы техника күтіп-ұстау жұмыстарын атқаруда. Өткен тәулікте жолшы мамандар қар құрсауынан 65 көлікті шығарды, - делінген хабарламада.