"Тірідей көмілген": Ауғанстанда жер сілкінісінің салдарын жоюға көмектескен қазақстандық құтқарушы не көргенін айтты

Бүгін - Қазақстанда құтқарушылардың кәсіби мерекесі. Осыған орай KAZ.NUR.KZ тілшісі жақында жойқын жер сілкінісі болған Ауғанстандағы табиғи апат салдарын жоюға көмектесіп келген Республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Әділхан Балтабайды сөзге тартты.Маман жұмысының қиындығы мен қызығы туралы айтып берді. Ауғанстанның Ноиброфи деп аталатын қыстағында (шағын қала) бес күн бойы құтқару жұмыстарын жүргізген маман қазақстандықтар атқарып келген жұмыс жайлы толығырақ әңгімеледі."Бес күн болып келдік. Ауғанстанға кеш бата келіп қондық, ұшақтан түсе сала бізге сол елдің өкілдері демалып алып, жұмысты ертеңіне бастауды ұсынды. Біз демалып жата алмадық, ұйқыдан бас тарттық. Біз барған жер Ноиброфи деп аталатын қыстақ екен, жер сілкінісінен жермен-жексен болған. Ауа райы да қолайсыз болды, шаңды дауыл тұрды. Сол күні түнде елді мекенге барлау жүргізіп, ертеңгі жұмысымызға дайындық жасадық. Үш топ болып бөлініп жұмыс істедік. Алғашқы тәуліктерде үш топтың барлығы да құтқару жұмысына бірдей ат салысты. Демалған топ болған жоқ. Таңнан кешке дейін жүрдік", - дейді ол.Қазақстандық құтқарушылар. Фото: ТМЖ баспасөз қызметі Әділханның айтуынша, қыстақтағы үйлер тек сабан кірпіштен салынғандықтан, жойқын жер сілкінісі кезінде опырылып, адамдарды басып қалған. Ауа өтетін кеңістік болмауы себепті адамдар тірідей көмілген."Қыстақта тек үш құрылыс материалы қолданылыпты. Саз-балшықтан жасалған кірпіш, полиэтилен қапшықтар және ағаш бөренелер. Полиэтилен саз кірпіштің арасынан суық кірмеу үшін пайданылғанға ұқсайды. Бұл жақтағы үйлерді Түркиядағы үйлермен салыстыру қиын. Егер заманауи құрылыс материалдары опырылғанда арада ауа қалатындай, үйінді астында тірі жатқан адамға қол созып, су беруге болатындай кеңістік қалатын еді. Бұл жерде жер сілкінісі кезінде бүкіл қыстақ жермен-жексен болған, адамдар тірідей көмілген. Үйінді астындағы адамдар ауа жетпей, бірінші тәулікте-ақ көз жұмған. Үйден шығып үлгергендері ғана аман", - дейді ол.Құтқарушыларға тек жансыз адам денесін алып шығудан басқа амал қалмаған. 11 қазанда қазақстандық құтқарушылар жұмыс істеп жатқанда 6 балдық жер сілкінісі қайталанған."6 балдық жер сілкінісі қандай болатынын бәріміз сездік. Таңғы сағат бес шамасында болды. Бірнеше күн бойынша жер астында афтершок болып тұрды", - дейді ол.Әділхан үйінді астында қалған бес жастағы баланың денесін қалай тапқаны туралы да айтып берді."Біз барған күннің ертеңінде бес жасар баланың денесін таптық. Оның жатқан жері туралы ағасы айтты. Баланың әкесі жоқ екен, анасы басқа қалада ауруханада жатқан. Ағасы бізге жатын бөлменің тұсын көрсетіп берді. Жарты сағаттай қаздық. Бір уақытта баланың киімі көрінді. Аршып алдық та баланың денесін лагерьге апарып, әрі қарай туысына тапсырдық. Одан бөлек аман қалған адамдарға үйінді басып қалған тұрмыстық заттарын, ыдыс-аяқ, киім-кешегін аршып алып беруге көмектестік, медициналық көмек көрсетілді. Жергілікті халық әбден қорқып қалған. Қан қысымы көтерілген, тыныс алуы қиындаған адамдарға жәрдем бердік. Жалпы 80 адам, оның ішінде 11 балаға көмегімізді көрсеттік", - дейді Республикалық жедел-құтқару жасағаның бас құтқарушысы.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті