Астаналықтардың да өмірге, жақындарына бір-біріне айтар алғысы шексіз. Жүректен шыққан лебіз жан жылытады. Көшеге шығып, тұрғындармен тілдескен тілшіміз Дәрібек Бахытбекте сөз кезегі. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Көктемнің алғашқы күні керемет жайнап тұр. Күннің көзі жарқырап, көңіл күйді көтереді. Айнала аппақ тонын жамылып жатса да, көктемнің лебі сезіледі. Жұрттың бәрі бір-бірін алғыс айтып, құшақ қағысуда. Мен де көшедегі адамдарға алғысымды айтсам деймін. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Сіздер де өзіңізге жақын жанға алғыс айтып, қуантып қойыңыз. Жаныңызға жанашыр жанға жан жылуын сыйлаңыз.