"Тісімді тістеуікпен суырды": ШҚО тұрғыны Өскемендегі түрмеде азаптап жатқанын айтты

Істі болған ер адам әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбада оқиға қаладағы №16 қылмыстық атқару жүйесі департаментінде болғанын айтты. Оның сөзінше, тәртіп сақшылары егер шындықты біреуге айтар болса, "көгілдір" қылып жібереміз деп қорқытқан, - деп хабарлайды Massaget.kz.Бірнеше мәліметте бейнежазба таратқан ер адамның толық есімі жазылмаған. Кейін осы туралы ресми ақпарат ұсынған ҚАЖД өкілдері жай ғана сотталушы А. деп көрсетті.Бейнежазбада түрмедегі қинау, ұрып-соғу әрекеті бірнеше адамды қамтығаны айтылады."Мекемедегі полицейлер мен қызметкерлер бірігіп, бізді сотталғандармен бірге қол-аяғымыздан соғып, менің әр тісімді тістеуікпен суырды. Ринат, Еркебұлан, Була есімді белсенді жігіттер де тепкінің астында қалды. "Біреуге айтып, шағымданатын болсаңдар сендерді "көгілдір" қылып жібереміз" деп қорқытты. Қасымда сотталған Қабылбаевтың аяғын сындырып, басын жарып, Ибраихановтың жағын үш жерден сындырды", – деді бейнежазба алдында сөйлеген ер адам.Оның сөзінше, азаптау жиі жалғасады. Өзі жариялаған бейнежазбаны амалын тауып, сотталушылардың бірінің телефонына түсірген көрінеді. Дегенмен ШҚО ҚАЖД бұл ақпаратты теріске шығарды. Ұсынылған мәліметке сенсек, бұл өтініш ақпаратты есепке алу кітабына енгізілген."Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы тексеру кезінде сотталушының денесінен ешқандай жарақат таппады. Тексеріс барысы бейнетіркегішке жазылды. Жауап алу кезінде сотталушы А. бейнежазбада басқа істі болған адамдар тіркелгенін, тоғыз жыл бұрын түсірілген бейнежазбаны өз мүддесі үшін қолданғаны анықталды", – деді қылмыстық атқару жүйесі департаментіндегілер.Тағы бір мәліметте бейнежазба алдында шағым білдірген ер адамның сәуір айында түрмеден шыққаны жазылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Жетісу облысында қоғамдық моншада өрт шықты
Олимпиадаға іріктеу жолында Қазақстан Исландиямен кездеседі
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
Шайды қай уақытта ішкенде зияны болмайды
Қазақстанда менталды денсаулыққа қаншалықты көңіл бөлінеді
Шорт-трекшілер Сеулдегі World Tour сериясында бесінші орын алды
16 желтоқсанда елдің 12 өңірде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды
Шымкентте "Таза Қазақстан" акциясы аясында 300 тоннадан астам қоқыс шығарылды
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Қазақстанның "Үздік акушері" анықталды
Талғарда жаңа әкімді сайлау науқаны өтіп жатыр
Сарапшы Шавкат Рахмоновтың жалғыз қателігін атады