Миллиардер Марк Цукерберг шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Оның айқыш байламы үзіліп, ота жасалды.Цукербергтің айтуынша, ол келесі жылдың басында өтуге тиіс, бірақ енді кейінге шегерілетін ММА жекпе-жегіне дайындалған."Спарринг кезінде айқыш байламы жыртылды. Оны ауыстыру операциясынан шықтым", - деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында. Бұған дейін миллиардер планетаның ең бай адамы Илон Маскпен жұдырықтасады деп күтілген еді. Кейін Цукерберг Маскпен жекпе-жектен Твиттер басшысының "жеңілдігіне" байланысты бас тартты.