«Туған күнді тойлау қоғам бірлігін бұзады», - этнограф

«Қазақ халқы туған күн тойламаған! Бұл мереке қоғам бірлігін бұзады». Этнографтар осылай дабыл қағуда. Олар мұндай шараларды өткізу ұлт тағдырына балта шабқанмен тең дейді. Ал жеке меншік мерекесін дүркіретіп тойлауды жөн көретіндер бұл ескіліктің пікірі екенін айтады. Кімдікі дұрыс? Бұл сұраққа бүгін өзі 21 жасқа толған әріптесім жауап іздеді.Туған күнді көбі асыға күтеді. Сыйлық аласың, көпшіліктің ықыласына бөленіп, жылы лебіз естисің. Сыйлық демекші, танымайтын адам аяқ асты келіп «бүгін менің мерекем, не сыйлайсың» десе, не дер едіңіз? Жылына бір рет келетін күнімді пайдаланып мен де алдымнан кезіккеннің бәріне, осы сұрақты қойдым. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Туған күнде тапқам олжам – осы. Бүгін туған күнің ғой деп, танымаса да, қолындағы барын берген барша адамға алғысым шексіз! Туған күнім ғой деп, еркелеп алғаным рас. Мақсат – көрінгеннен сыйлық алу емес, жұрттың мерекеге деген ықыласын көрсету болды. Қазір қоғамда «туған күнді тойлау дұрыс па?» деген сұрақ қызу талқылануда. Бірі – қолдаса, енді бірі – бұл ысырапшылдықтың белгісі екенін айтады. БЛИЦ-САУАЛНАМА: – Туған күніңізді күн санап күтесіз ба? – Жоқ. – Мен ұмытып кетемін туған күнімді. – Сіз үшін аса маңызды күн емес? – Аса маңызды емес. Бірақ кейде тойлаймын. – Туған күн тойлайсыз ба? – Жоқ, тойламаймын. - Былай дүрілдетіп тойламаймыз ғой. Өзіміз отбасымыз, бала-шағамызбен. - Туған-туысқан, балалармен тойлаймыз. - Тойлаймыз мүшелдерді. Бұл кісінің «мүшелдерді тойлаймыз» деген сөзінде жан бар. Өйткені, этнограф-тарихшылар қазақ тек мүшел жасын атап өткен деген тұжырым айтады. Ал әр жасын тойға балайтындардың әрекеті дұрыс емес, бұл Еуропадан келген дейді. Лариса АЛДАБЕРГЕН, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ: Белгілі қоғам қайраткері, дипломат Сайлау Батыршаұлы өзім жұмыста отырғанда бір құрбымның туған күніне сұрандым. Сонда маған қатты есімде қалып қойғаны, «осы біздің қазақтың жастарын туған күн тойлаған құртады, отырыңыз» деп мені сонда жібермей қойған. Өзім туған күн тойлауды қатты құптамаймын. Ал психологтар бұған не дейді? Серікүл САЛИ, ПСИХОЛОГ: Туған күнді атап өту, сол күнге назар аударудың кері әсері жоқ. Дұрыс, жақсы нәрсе. Ең бірінші кезекте, туған күнде жақын адамдармен жиналады, отбасымен, туғандарымен, дорстарымен, жақындарымен тамақ ішу деген психолоргиялық тұрғыда адамдарды біріктіреді, стресті түсіреді. Ежелден, шіркеу секілді діни орындар туған күн тойлауға рұқсат бермеген. Себебі, адам жасы қаншалықты ұлғайса, оның күнәлары да соншалықты көп болады деп есептейді. Бірақ, тұрғындардың көбі бұл пікірге қарсы екенін байқадық. Жұрт жылдың бір күнін ерекше қарсы алып, жалғыз емес екеніңді сезіну артық етпейді дейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Өткен жылы еліміздің стационарларында 3,4 млн-нан астам науқас емделді
6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Өткен жылы елдегі стационарларда 3,4 млн астам пациент емделді
Әлемдегі ең қарт адам қайтыс болды
Елордадағы емханаларда Face ID жүйесі енгізілді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы