Түлектер аттестаттарын қоқыс жәшігіне тастаған

Әлеуметтік желіде түлектердің мектеп аттестаттарын қоқыс жәшігіне лақтырып жатқаны түсірілген видео тарады. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді. Instagram әлеуметтік желісіндегі Krisp_almaty паблигінде қазақстандық түлектердің елдің елтаңбасы бейнеленген мектеп аттестаттарын лақтырып жатқан видеосы жарияланды. Бұған қатысты әлеуметтік желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінген: біреулер жастардың қылығын айыптаса, енді бірі олардың әрекетін ақтаған. "Үздіктер болса, бұлай жасамас еді. Бұлар лақтырып, хайп жасап, қайтадан алып жатыр", "Өйткені, біздің біліміміз бағаланбайды", - деп жазды пікір қалдырушылар. "Мұндай видеодан кейін біз жүйеміз, жастарымыздың адамгершілігі туралы ойлануымыз керек", "Оларды да, олардың ата-аналарын да мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін қатаң жазалауымыз керек", - дейді енді бір желі қолданушылары. Осы жайтқа қатысты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір бұл видеоға түскен түлектердің жеке басын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. "Білім беру басқармаларына оқушылар мен мектеп түлектеріне, ата-аналар қауымына осындай фактілердің алдын алу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар берілді", - деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Қазақстанда Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?
16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Қыста көлікте кондиционерді не үшін қосу керек екенін білесіз бе?
«Мен қазақпын»: Астанада бір сәтте 700 оқушы патриоттық әнді шырқады
Түркістанда полиция 200-ден астам жүк көлігіне көмектесті
Адам қанша литр шай ішкеннен кейін өліп кетуі мүмкін?
ТЖМ қызметкерлері Қарағандыда өрт кезінде 6 адамды құтқарды
Алматының коммуналдық қызметтері қардың түсуіне байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеуде
Жас спортшылар патриоттық челлендж ұйымдастырды
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Еліміздің "Үздік акушері" анықталды
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты