Белгілі продюсер, Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлына қолдау білдірді. Хитменнің анасы тұңғышына Instagram парақшасында әсерлі жазба арнады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Қашан да қолдап, қорғап жүретін, махаббатына бөлеген қаншама халқың бар. Бақыттысың, ұлым! Еңбегің еселене берсін! "Тұмсықтыға шоқтырмайтын, қанаттыға қақтырмайтын мен де бармын" деп жазып кетсем қалай болады өзі", - деді продюсер. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін белгілі әнші Динара Әлжан Қайрат Нұртасқа казинода көлігін бергенін айтқан болатын. Алайда бұл ақпаратты Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова жоққа шығарды.