"Түнгі екіден кезек күтудеміз": Таразда балабақшаға жолдама ала алу үшін кезек күткен ата-аналар шу шығарды

Таразда балабақшаға жолдама алу үшін кезек күткен ата-аналар жанайқайын жеткізді. Олар түнгі сағат екіден білім бөлімінің есігін күзетуге мәжбүр екенін айтуда. Ата-аналардың шағымына қатысты қалалық білім бөлімі жауап беріп, кезектің туындауына не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. Тараздық ата-аналардың айтуынша, баланы балабақшаға беруге құқық беретін жолдаманы алу Жоғары оқу орнына түсуден қиын. Ал цифрландыру жолға қойылған уақытта қолма-қол құжат беру ережесінің енгізілуі ақылға сыймайды. Сондай-ақ ата-аналар балабақшаға жолдама беру бойынша тек бір-екі маманның жұмыс істеп жатқанына наразы екенін жеткізді."Сағат 13:00-ге дейін қабылдайды. Бірден кейін түскі ас деп кетіп қалады. Оншақты адам қойса тез бітер ме еді? Таңнан бері осында, күннің астында тұрмыз. Кезекке жету мүмкін емес. Мен екі жыл бойы кезекке қол жеткізе алмай келемін. Былтыр жыл бойы жүгірдім. Орын жоқ! Неге бәрін замануи түрде электронды жүйеге ауыстырмайды", – дейді қала тұрғыны Анна Сычова.Ата-аналардың сөзінше, балабақша кезегін күткендер алдымен электронды портал арқылы тіркеледі. Артынша жолдаманы алу үшін білім бөліміне барады.Бірақ "көптен күткен құжатқа қолым жеттім-ау дегенде балабақшада орын жоқ боп шығады" дейді олар.Бұл ретте ата-аналар балабақшада орынның бар-жоғын айтуда ашықтық болу керектігін атап өтті. "Мен кезек бойынша 208-ші боп тұрмын. Мекеменің ішінде жаңа туған баламмен тұрмын. Кіре алмаймыз. Тіркелу ХҚКО арқылы жүретіндіктен, ол проблема емес. Барып тіркелеміз. Бірақ сол балабақшаға бару үшін жолдама алу үлкен мәселе болып тұр. Енді міне жолдама алып жатқандарға балабақшада орны жоқ деп отыр", – дейді қала тұрғыны Айша Ташенова. Ал қалалық білім бөлімі кезек күткендердің күрт артуын халық санының өсуімен байланыстырып отыр. Дегенмен, бұған дейін жұмыс істеп келген "Edu-garden" электронды базасының істен шығуы да қолбайлау болғанын, сондықтан жолдама беру жүйесін бұрынғыдай ескі әдіске көшіргендерін айтады. Бұл да кезек санының көбеюіне әкелген. Ал кәдеге жарап тұрған "Е-әкімдік" базасы тек баланы тіркеуді іске асырғанымен, жолдама беруге жарамсыз. "Бізде бұған дейін конкурстық жүйе арқылы жүргізілетін "Edu-garden" базасы болды. Бірақ кейін облыстық білім басқрмасы конкурс өткізбей, жұмысы тоқтап қалды. Қазір тек "Е-Akimat" базасын пайдаланамыз. Оның мүмкіндігі шектеулі болып тұр. Қаладағы барлық мемлекеттік балабақша басшылары бізге бос орындар туралы ақпаратты күнделікті беріп отырады. Үйлерінде жолдама алуға мүмкіндік болмағаннан кейін, міндетті түрде келіп, кезекке тұрып, біздің осы қалалық білім бөлімінен жолдама алып кету қарастырылған", – дейді Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова. Білім бөлімі базаны реттеу бойынша басқармаға да, бірыңғай база мәселесін шешу үшін екі жыл бұрын салалық министрлікке де хат жолдағанын айта кетті. Алайда әзірге ата-аналар үшін ыңғайлы сервистік портал бойынша ешқандай жауап келмеген. Сондықтан тұрғындарды сабылтқан кезек мәселесі қашан оң шешімін табары әзірге белгісіз. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
950 жылдық теңдессіз туынды
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді
Ақмола облысында екі бірдей өрт сөндірілді
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды
Орталық төңірегіндегі тартыс
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады